Екінші орынға Өзбекстан құрамасы табан тіреді. Көрші елдің былғары қолғап шеберлері турнирде алты алтын, үш күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.
Үздік үштік Үндістан қорытындылады (төрт алтын, екі күміс және алты қола).
Азия чемпионатының қорытындысы:
- Қазақстан — 6-7-8,
- Өзбекстан — 6-3-4,
- Үндістан — 4-2-6,
- Иордания — 2-3-2,
- Таиланд — 2-2-1,
- Жапония — 1-5-1,
- Оңтүстік Корея — 1-1-4,
- Тайвань — 1-0-3,
- Филиппин — 1-0-2,
- Вьетнам — 1-0-1.