• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл 100 әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес өткізді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
21.07.2026, 11:53
Облыс жаңалықтары
Биыл 100 әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр
67
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Елдар Сапаров пен азаматтық қоғам институттарының белсенді өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі азаматтық қоғам институттарының мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, тиімді әріптестікті дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

– Үкіметтік емес ұйымдардың облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға қосып отырған үлесі зор. Сіздердің көпжылдық тәжірибелеріңіз бен жүйелі еңбектеріңіздің нәтижесінде өңірде көптеген маңызды бастамалар сәтті жүзеге асырылуда. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, халықтың өзекті мәселелерін көтеріп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосып жүрген елеулі үлестеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Бүгінде облыста 1314 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 200-ге жуығы белсенді жұмыс жүргізуде.

ҮЕҰ бастамасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар жүзеге асырылып, халықтың түрлі санаттарына бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Биыл өңірде 100 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Олардың басым бөлігі білім беру, жастар саясаты, отбасы және гендерлік саясат, қоғамдық келісімді нығайту, сондай ақ азаматтық қоғамды дамыту бағыттарына арналған.

Жиында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Елдар Сапаров орталықтың қызметі туралы баяндап, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттардың үлесін арттыру және өңірлік ҮЕҰ-лардың ауқымды, стратегиялық жобаларды жүзеге асыруына кеңінен мүмкіндік жасау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұлова, Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев және Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл тәжірибесі туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері де өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында «Jambyl Civil Hub» жобасы аясында ұйымдастырылған шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Қорытынды сөзінде облыс әкімі көтерілген ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын айтып, тиісті басқармалар мен жауапты мемлекеттік органдарға әрбір бастаманы жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.