• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бірлік ауылындағы маңызды жобалар аудан әкімінің бақылауында

Алдымен аудан басшысы ауылдағы спорт кешенінде жүргізіліп жатқан жылу жүйесін жаңарту жұмыстарының орындалуын көрді.

02.07.2026
0
Бірлік ауылындағы маңызды жобалар аудан әкімінің бақылауында
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев жұмыс сапарымен Бірлік ауылына барып, елді мекендегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы ауылдағы спорт кешенінде жүргізіліп жатқан жылу жүйесін жаңарту жұмыстарының орындалуын көрді. Нысанда мердігер ұйым өкілдері мен жауапты мамандар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөліп, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқталуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаның орындалу барысымен де танысты. Қазіргі таңда ауыл көшелерінде әрбір тұрғын үйге ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба ауыл халқының тұрмыс сапасын арттырып, тұрғындардың орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Ермек Амангелдіұлы аталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, халық игілігі үшін қолға алынған жобалардың сапалы жүзеге асырылуы басты міндет екенін жеткізді. Сонымен қатар мердігер мекемелер мен жауапты бөлімдерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті.

Сапар аясында аудан әкімі ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жағдайымен де танысты. Нысанның облыстық маңызы бар автожолға жақын орналасуына байланысты аудан басшысы аталған мәселені жан-жақты зерделеп, полигон үшін баламалы орын қарастыруды тапсырды.

Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру кезінде экологиялық қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерді болдырмау, санитарлық нормаларды сақтау және халықтың денсаулығына қауіп төндірмеу мәселелері әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін айтты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан басшысы барлық нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тегтер: Мойынқұм ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты