Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыс прокуратурасы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен басталған «Сенім маршруты» іс-шарасы аясында, мамыр айының 16-19 күндері мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен құрылған арнайы жұмыс тобы Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барып, Құлан, Қарақыстақ, Луговое кенті, Көгершін, Ақыртөбе, Көкдөнен және Қорағаты ауылдық окрутерінің тұрғындарымен кездесіп, түйіні шешілмей жүрген заң бұзушылықтар, азаматтардың қайталама арыз-шағымдары, қылмыстылықты алдын-алу, жүйелі құқық бұзушылықтар бойынша жеке қабылдаулар жүргізді.
Осы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы 25.05.2022 жылы облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен және облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаевтың қатысуымен Т.Рысқұлов ауданына қайта шығу арқылы қаралды.
Облыс прокуроры жиында аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына халықпен кездесу кезінде анықталған проблемалық мәселелерді атап өтіп, оларды тез арада қалпына келтіру жөнінде, заң бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын-алу керектігі туралы және алдағы уақыттағы міндеттер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Дереккөз: Жамбыл облысының прокуратурасы