• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 21:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Білім және еріктілік қызметі — Азамат Намелбек

№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына 
өзін-өзі ұсынған кандидат Намелбек Азамат Намелбекұлы

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
05.11.2026, 11:41
Сайлау-2026
Білім және еріктілік қызметі — Азамат Намелбек
27
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Намелбек Азамат Намелбекұлы

2003 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

БІЛІМ ЖӘНЕ ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТІ

2009–2019 жылдары Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінде білім алды. Мектеп қабырғасында қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысты.

2019–2022 жылдары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім алды.

2022–2026 жылдары Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім алды.

2026 жылдан бастап Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Қаржылық әкімшілік» бағыты бойынша MBA бағдарламасында білім алуда.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Намелбек Азамат Намелбекұлы қоғамдық және волонтерлік қызметпен 2019 жылдан бері белсенді айналысып келеді. Осы уақыт аралығында жастар саясаты, волонтерлікті дамыту, қайырымдылық, төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағыттарында бірқатар бастамаларды жүзеге асырды.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде Жамбыл облысының тұрғындарына көмек көрсету жұмыстарына белсенді қатысты. Пандемия кезеңінде 3 000 отбасыға азық-түлік жинақтарын, Тараз қаласының тұрғындарына 200 000 медициналық бетперде таратуға, сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қажетті оттегі баллондарын қала ауруханаларына жеткізуге атсалысты.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға, көпбалалы отбасыларға және оқшауланған тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қажетті медициналық құралдарды жеткізді. Қозғалысы шектеулі зейнеткерлерге «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен зейнетақыларын алып, үйлеріне жеткізу жұмыстарына көмектесті.

Қазақстанның әр өңірінде орын алған төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық жұмыстарға тұрақты түрде қатысты. Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысты. 2021 жылы Байзақ ауданында болған жарылыс кезінде тұрғындарды қауіпсіз аумақтарға эвакуациялауға, сондай-ақ зардап шеккен және эвакуацияланған азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен өзге де қажетті заттарды жеткізуге көмектесті.

2020 жылдың желтоқсанында «Темірқазық» волонтерлер қозғалысының президенті болып сайланып, өңірдегі жастар волонтерлігін дамыту бағытындағы жұмыстарды үйлестірді.

2021 жылы «Халық» қайырымдылық қоры ұйымдастырған әлеуметтік акция аясында Жамбыл облысындағы 1 000 отбасыға азық-түлік жинақтарын жеткізуге қатысты. Сонымен қатар «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасыға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарына атсалысты.

2021 жылдан бастап Жамбыл облысында волонтерлік пен әлеуметтік бастамаларды дамытуға бағытталған 12 гранттық жобаның жеңімпазы атанып, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.

2022 жылы жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Need to Work» әлеуметтік жобасын іске асырды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға жұмыс табу, жоғары оқу орындарының түлектеріне алғашқы жұмыс орнына орналасу және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарға мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатысу бойынша тегін консультациялық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және қоғамдық жұмыстар секілді мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобаның нәтижесінде Тараз қаласында 126 азамат жұмысқа орналасып, 26 азамат 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанды.

2023 жылы Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жөнелту жұмыстарына қатысып, 10 тонна гуманитарлық көмекті жинау және жіберу жұмыстарына атсалысты.

2023–2024 жылдары «Dauletten» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Тараз қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасының балаларын жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етуге көмектесті.

2024 жылы Қазақстан өңірлерінде болған ауқымды су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинау және жеткізу жұмыстарына белсенді қатысты.

2024 жылы қайырымдылық қордың қолдауымен Жамбыл облысы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық инсайд» жобасын ұйымдастырды. Жоба аясында 1 000-нан астам тұрғын қаржы саласының мамандары, кәсіпкерлер және инвесторлардың қатысуымен ұйымдастырылған оқыту іс-шараларына қатысты. Екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық аясында қарыздық міндеттемелері бар тұрғындарға консультациялық қолдау көрсетіліп, жалпы сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайтын берешекті қайта қаржыландыруға ықпал етілді.

2025 жылы «AsarUme» қайырымдылық қоры және «KausarTaraz» қоғамдық қорымен бірлесіп, Жамбыл облысындағы әлеуметтік осал санаттағы 5 отбасының баспаналы болуына қолдау көрсетті. Сонымен қатар «Dauletten» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Тараз қаласында жеті баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың баспаналы болуына атсалысты.

Қоғамдық және волонтерлік қызметімен қатар жастардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын, азаматтық белсенділігін және өңірдегі волонтерлік қозғалысты дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырып келеді.

Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сондай-ақ «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-ның Жамбыл облысы бойынша волонтерлікті дамыту жөніндегі амбассадоры қызметін атқарады.

Көпжылдық қоғамдық және волонтерлік қызметі барысында жинақтаған тәжірибесін жастармен бөлісіп, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек, қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті қалыптастыру бағытында қызмет атқарып келеді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАРЫ 

  • ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалі (2021);
  • ҚР Президентінің «Тәуелсіздік Ұрпақтары» грантының жеңімпазы (2022);
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ» конкурсының жеңімпазы
  • Халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығының лауреаты (2022, 2023);
  • «Jas Kenes» жастар сыйлығының «Komek Qoly» номинациясы жеңімпазы;
  • Жамбыл облысы әкімінің «Әулиеата Үміті» жастар сыйлығының «Үздік жас волонтер» номинациясының жеңімпазы;
  • Тараз қаласы әкімінің «Taraz Awards» жастар сыйлығының «Қоғамдық қызметтегі үздік жас» номинациясының жеңімпазы;
  • Жамбыл облысы әкімінің «Тәуелсіздік Ұрпақтары» грантының «Бизнес» бағыты бойынша жеңімпазы (2024);
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты;
  • «Нұрсұлтан Назарбаев» және «Халық» қайырымдылық қорының алғыс хаттары;
  • Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімінің алғыс хаттарының иесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Әр көше — назарда, әр тұрғын — құрметте»

Барысхан · Карасай · Хамукат · Родничок · Мичуринец · Кайнар · Ақжол · Шапағат

Құрметті жерлестер!

Мен — Тараз қаласының тұрғыны, 2019 жылдан бері еріктілік қозғалыста жүрген азаматпын. Жамбыл облыстық Жастар мәслихатының төрағасы, «Темірқазық» еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде жүздеген отбасының мұң-мұқтажын көзбен көрдім. «Халық алғысы» медалі — сол еңбектің бағасы.

Біздің округтің тұрғындары жылдар бойы ауыз судың, жолдың, жарықтың жоқтығын көтеріп келеді. Соңғы жылдары көп өзгеріс болды: Кайнар, Мичуринец, Ақжол, Родничок массивтеріне су құбыры тартылды, Барысханда көшелер асфальтталды. Бірақ әлі де шешілмеген мәселе жеткілікті.

Менің бағдарламам бір қағидатқа негізделеді: депутат халық үшін, халық депутат үшін емес. Мен беретін әр уәде — мәслихат депутатының заңды өкілеттігі шегінде нақты орындалатын іс.

Бағдарлама үш бағытқа негізделген: Ашық депутат · Жайлы орта · Әлеуетті ұрпақ
I АШЫҚ ДЕПУТАТ

Халыққа есеп беретін, әрдайым қолжетімді өкіл

Депутаттың күші — тұрғынмен тікелей байланыста. Сондықтан мен:

  • Айына бір рет әр учаскеде — №14, №50, №61, №62 мектептерде — азаматтарды жеке қабылдаймын.
  • Жылына бір рет округ тұрғындары алдында атқарған жұмысым туралы ашық есеп беремін.
  • Барлық депутаттық сауалдарды және оларға келген жауаптарды Telegram-арнада жариялап отырамын.
  • Округке бөлінген бюджет қаражаты мен жобалардың орындалу барысын тұрғындарға түсінікті тілмен жеткіземін.
  • Әр массивте көше белсенділерінің кеңесін құруға жәрдемдесіп, олармен тұрақты байланыс орнатамын.
II ЖАЙЛЫ ОРТА

Әр көшеге — сапалы жол, таза су, жарық

Жол

  • Округтегі асфальтсыз көшелердің толық тізімін тұрғындармен бірге жасап, оларды 2027–2028 жылдардағы қалалық бюджетке кезекпен енгізуге қол жеткіземін.
  • Бірінші кезекте мектепке апаратын және қоғамдық көлік жүретін көшелерге басымдық беремін.

Ауыз су

  • Кайнар, Мичуринец, Ақжол, Родничок массивтеріндегі жаңа су желісінің сапасы мен қысымын бақылаймын.
  • Кепілдік мерзімінде анықталған ақаулардың мердігер есебінен жойылуын талап етемін.
  • Үйге қосылу шарттарын тұрғындарға ашық түсіндіріп, құрылыс кезінде қазылған көшелердің қалпына келтірілуін қадағалаймын.

Жаугаш батыр көшесі

  • Көшені реконструкциялаудың мерзімдері мен жобасын тұрғындарға ашық етуге қол жеткіземін.
  • Жобаға тротуар, жаяу жүргінші өткелдері және №14 мектеп маңындағы қауіпсіздік шараларын енгізуді талап етемін.

Жарық және электр

  • Жарықсыз көшелерді тұрғындармен бірге анықтап, қаланың көше жарықтандыру бағдарламасына енгіземін.
  • Электр жиі өшетін көшелер бойынша энергетикалық ұйымдарға депутаттық сауал жолдап, желіні жаңғыртуды талап етемін.
III ӘЛЕУЕТТІ ҰРПАҚ

Балалар мен жастарға — қауіпсіз орта және тең мүмкіндік

  • Мектеп аулаларындағы спорт алаңдарын кешкі уақытта тұрғындар үшін ашық етуді ұсынамын.
  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін үйірмелер мен секциялардың санын көбейтуге бастамашы боламын.
  • Мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін — жаяу өткел, бағдаршам, жарық — басты назарда ұстаймын.
  • Еріктілер күшімен аула мерекелерін, сенбіліктерді, қарттар мен жалғызбасты аналарға көмек акцияларын ұйымдастырамын.
  • Жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке баулу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша округте ақпараттық кездесулер өткіземін.

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕСТЕСІ

Шара Мерзімі Күтілетін нәтиже
Азаматтарды қабылдау кестесін бекітіп, жариялау Алғашқы 1 ай Тұрғындарға кесте белгілі
Telegram-арнаны іске қосу Алғашқы 1 ай Сауал мен жауаптар ашық
Асфальтсыз және жарықсыз көшелердің тізімін жасау 2027 ж. I тоқсан Бюджетке ұсыныс дайын
Су желісінің сапасы бойынша депутаттық сауал 2027 ж. I тоқсан Ақаулар тізімі мен жою мерзімі
Көшелерді қалалық бюджетке енгізу ұсынысы 2027–2028 жж. бюджет талқылауы Көшелер жөндеу кезегінде
Мектеп аулаларындағы алаңдарды ашу бастамасы 2027 ж. Кешкі уақытта ашық алаңдар
Тұрғындар алдында жыл сайынғы есеп Жыл сайын Атқарылған жұмыс ашық
Бірге — өзгерісті бастаймыз!

29 қараша 2026 жыл — сайлау күні

Сайлауға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Құрметпен,

Намелбек Азамат Намелбекұлы

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Н.Намелбек.
№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттың республикалық бюджеттік қаражатынан төленді.

Тегтер: Намелбек Азамат Намелбекұлы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25
Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45
Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Катира Увалиеваның сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.