2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Отар ауылындағы Алабасов, Машкурбек, Белошов, Гагарин, Ынтымақ, Жамбыл көшелері мен Қонаев тұйық көшесінің жалпы ұзындығы 6 шақырым учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Самал көшесін кешенді абаттандыру, жарықтандыру және заманауи балалар ойын алаңын салу. «Отар — Гвардейск» автожолының теміржолмен қиылысында жол өткелін салуға ықпал ету. Ауыл көшелерінің жол сапасын жақсартып, қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру.
2. САПАЛЫ АУЫЗСУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
Тұрғындарды сапалы ауызсумен және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету, тозған коммуналдық желілерді жаңарту, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету.
3. АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу, шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, гранттар мен субсидиялар туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру. Әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру. Малшылар мен фермерлердің жайылымдық жерлерге қолжетімділігін жақсартуға ықпал ету. Ветеринариялық қызмет сапасын арттыру және қажетті препараттардың қолжетімді болуына атсалысу. Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға жәрдемдесу.
5. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Жастарды кәсіптік оқыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға ықпал ету.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау мәселесін көтеру. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету. Бейінді дәрігерлердің қабылдауына қолжетімділікті арттыруға атсалысу. Алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселесін назарда ұстау. Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.
7. ЗАМАНАУИ БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, балалардың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қолдау көрсету. Жастардың спортпен, өнермен, шығармашылықпен айналысуына және жан-жақты дамуына жағдай жасауға ықпал ету.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Әлеуметтік осал отбасыларға, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету. Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, аналар мен балаларды қолдау және баршаға қолайлы орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
Ауыл көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қалдықтарды жинау жүйесін жақсарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын дамыту. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында балалар және спорт алаңдарын жақсартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: К.Увалиева
№19 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







