Жасұлан Бекболатұлы еңбек жолын 2000 жылы Сарысу ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте тарих және география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
2008-2009 жылдары Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында тарих және география пәндерінің әдіскері қызметін атқарды.
2010-2019 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті және білім саласындағы бақылау департаментінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2020-2023 жылдары Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болды.
2024 жылдан бастап осы кезге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің директоры қызметін атқарып келді.







