• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 08:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

turan_admin turan_admin
22.03.2021, 21:23
Облыс жаңалықтары
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
568
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген карантиндік шектеулер, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі түрлі мерекелік шараларды өткізуге өз әсерін тигізді. Бұл ұйымдастырылатын шаралар мен қатысушылардың санына айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, жамбылдықтар бірқатар киіз үйлер тігіп, Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Қазақ үйлер адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында Тараз қаласының түрлі аудандарында аз мөлшерде орналасты. Соған қарамастан думанды шаралар тиісті деңгейде ұйымдастырылды десек, ауа-райының да жылы шырай танытқаны тамаша әсер сыйлады. Таңертең күн көзі сәл бұлттанғандай көрінгенімен, кейіннен жадырап сала бергені Наурыздың мән-маңызын арттыра түскендей.

Аймақ басшысы алдымен «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің алаңында бой көтерген Тараз өңірлік университетінің киіз үйіне барып, қазақы салтпен қымыздан дәм татты. Бердібек Сапарбаев Наурыз мейрамының ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, жас ұрпақты ұлтжандылық пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде айрықша маңызға ие екендігін атап өтті. Ал университет студенттері шағын сахна арқылы қазақтың «Бесікке салу», «Азан шақырып, ат қою» және тағы басқа да салт-дәстүрлердің үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің киіз үйінде қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Облыс әкімі көрмедегі дүниелерге тәнті болып, жоғары бағаласын берді. Университет ректоры Ерболат Саурықов Бердібек Сапарбаевқа оқу ордасы «Көркемөнер және сызу» мамандығы бойынша оқытушылар дайындайтынын, кейін олар балаларды халықтық қолөнерге баулитынын жеткізді. Көрмеге қойылған бұйымдардың басым бөлігі, соның ішінде ағаштан, металдан және былғарыдан жасалған дүниелер ТИГУ студенттері мен магистранттарының дипломдық жұмыстары болып табылады десек, қалғандары университет мұражайының қорынан алынған заттар. Өңір басшысының қызығушылығын оятқан бұйымдардың бірі – ыдыстарды тасымалдауға арналған, сапалы былғары қоржындар.

«Қазфосфат» ЖШС-нің киіз үйінің алдында Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарды көктемнің басты мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

— Тамыры тереңнен бастау алатын бұл мереке – бірлік пен берекенің символы. Наурыз – қазақ халқының тіршілігінің көрінісі, жоғары рухтың, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт — дәстүрдің өзегі болып саналады, — деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан соң аймақ басшысы кішкентай Ержан Жанмұхаммедтің тұсауын кесіп, бүлдіршіннің ел азаматы болып ержетуін және оның ата-анасына мықты денсаулық тіледі.

«Көне Тараз» кешенінің жаяу жүргіншілер аймағын жағалай әртүрлі кәдесыйлар, ыдыс-аяқ, сәндік бұйымдар және басқа да көзтартар заттардың павильондары орналасты.

Туризм және халықтық қолөнер орталығында шебер Пернебек Ахметов шағын сөмкеге сыйып кететін жиналмалы ағаш бесігімен таныстырды. Қос қолы жоқ Анар Бексұлтанова тіккен түрлі қазақы оюлы көрпелер мен жастықтарды көргендер оның батылдығы мен еңбекқорлығына тәнті болды. Ісмер өзінен бөлек үш адамды жұмыспен қамтып отыр.

— Анар секілді адамдардан үлгі алу керек. Тағдырдың соққысына бой алдырмай, аянбай еңбек етіп, өз мақсатына жетудің үлгісі осындай болады деп ойлаймын, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Жастар аллеясында аймақ басшысын білім саласының ардагерлері қарсы алды, үлкен экран орналасқан сахнада мектептен тыс шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері би билеп, өнерлерін ортаға салды. Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы және көркемсурет мектебі оқушыларының еңбектері бойынша көрме ұйымдастырылып, онда картиналар мен киіз және тоқыма бұйымдары қойылды. Жас суретшілер сол маңдағы оқиғаларды бірден қағаз бетінен түсіріп, көптің қызығушылығын оятты.

Сонымен қатар, Қайрат Рысқұлбеков саябағында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Өңір басшысы қазақ күресінен қарсыласын таза жеңген жуалылық балуан Мергенбай Бақбергеннің шеберлігіне риза болды. Табиғи күш иесі тараздық Жақып Шынғысхан қойды иығына салып, елу рет көтеріп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек мұнда асық ату, тоғыз құмалақ, қолкүресі секілді ұлттық ойындар бойынша да өзара күш сынасулар өтті.

Тұңғыш Президент саябағының алдындағы алаң ұлттық ойындардан бөлек өздерінің көркем суреттерін ұсынған жергілікті колледж студенттеріне арналды.

Мереке кезінде де жұмыс жайына ден қойған Бердібек Сапарбаев қала басшылығына жергілікті субұрқақты ретке келтіруді тапсырды. Айта кету керек, көп ұзамай қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылмақ. Бұл бойынша аймақ басшысы жауапты құрылымдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мерекелік аралау «Баласағұн» орталық концерт залының алдындағы облыстық филармония әртістері дайындаған ашық аспан астындағы үлкен концертпен тиянақталды. Онда қазақтың халық әндері шырқалып, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өнерпаздар Жамбыл мен Айкүміс арасындағы айтыс қойылымын жұртшылық назарына ұсынды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzЖамбылнаурызТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.