• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев – Мемлекеттің қаржысын бей-берекет жұмсауға болмайды

turan_admin turan_admin
09.07.2021, 09:32
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев – Мемлекеттің қаржысын бей-берекет жұмсауға болмайды
544
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен электоронды билеттендіру және қоғамдық көліктерді жаңарту жөнінде кеңес отырысын өткізді. Оған салалық жауапты тұлғалармен бірге тасымалдаушы компания басшылары да қатысты.

Айта кетейік, Тараз қаласындағы қоғамдық көлік қызметі электронды билеттендіру жүйесіне көшкелі 9 ай болды. Бұл уақыт аралығында жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айындағы жол жүру ақысының 65 теңгеден 85 теңгеге дейін көтерілуі де автопарктердің табыстарын еселегені жасырын емес. Алайда жолақы қымбаттағанымен, қоғамдық көліктердің сапасы, жүргізушілер мәдениеті мен өзге де қызмет көрсету деңгейі қаншалықты артты? Бұл туралы тараздықтар әлеуметтік желілерде әлі күнге жиі көтеріп, тасымалдаушыларға қызмет сапасын бекітілген бағаға сай түрде көрсетуін талап етуден таймай келеді. Аймақ басшысы осы мәселені тұрақты түрде назарда ұстап отырғанын жеткізді.

– Қоғамдық көліктердегі тәртіп пен тазалықты, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында электронды билет жүйесін іске қостық. Өткен жылдың қыркүйегінен бері қол жеткізіліп отырған көрсеткіштерге көңіл толады. Жолаушылардың 98 пайызы «TulparCard»-ты пайдалануы осының дәлелі болып отыр. Ендігі мақсат – жолаушы тасымалының сапасын көтеру, жолақы төлеуді одан әрі ыңғайлы ете түсу. Сонымен қатар, «TulparCard» мобильді қосымшасы арқылы ата-аналардың балаларын үйден шыққанынан бастап мектепке кіріп-шығуы, тамақтануы және қайта оралуын бақылап отыруына мүмкіндік жасауымыз шарт. Көктемде жол жүру ақысын қымбаттатарда біз тұрғындар алдында тарифті көтеру арқылы автобустарды жаңартамыз, ондағы тәртіп пен мәдениетті артырамыз деп уәде берген едік. Айтылған сөз әзірге іс жүзінде көрінбей отыр. Әсіресе көліктердің қатынау аралығы, валидаторлардың жұмыс істемей тұруы жайында арыз-шағымдар азаяр емес. Тараз қаласы облыстың орталығы, айнасы болғандықтан ондағы өмір сапасын осы жолаушылар тасымалының деңгейінен аңғаруға болады. Алдағы уақытта көне шаһарды үлкен туристік орталыққа айналдырамыз деп отырмыз. Ол үшін әуелі осы жүйені ретке келтіру қажет, – деді Бердібек Сапарбаев.

Келесі кезекте сөз алған қала әкімі Ержан Жылқыбаев е-билеттендіру жүйесінің жұмысы жайын баяндады. Оның айтуы бойынша «TulparCard» электронды билеттендіру жүйесі бойынша жалпы саны 215 мың көлік картасы шығарылып, 185 047 карта пайдаланысқа енгізілген. 10 меншікті сату кассалары орнатылып, 388 мобильді, 313 стационарлық және 185 мобильді терминал іске қосылған.

– Жол ақысын төлеудің қолма қол, «TulparCard» көлік карталары және QR код арқылы әдістерінен бөлек, SMS-төлем және USSD-код арқылы төлем жасау түрін қосу жұмыстары 15 шілдеге дейін аяқталады.

Жүйе енгізілгелі бері тасымалдаушы мекемелердің табыстары және тасымалдауға кететін бірқатар шығындар көлемі айқындалып, бюджетке төленетін салық көлемі 10,6 миллион теңгеден 31,9 миллион теңгеге дейін ұлғайып отыр, – деген қала әкімі автобус паркін жаңарту бойынша да бірқатар жұмыстар қолға алынғанын айтып өтті.

Жуырда ғана «NarTrans» ЖШС 12 бірлік Golden Dragon маркалы үлкен сыйымдылықты автобустарын жеткізіп, олар қала көшелеріне шығып үлгерген.

Жиында тарифтің көтерілуіне байланысты 4 мамырдан бастап субсидия көлемінің азаюы сөз болды. Жолақының көтерілгенге дейін бір айлық субсидия көлемі орта есеппен 80 миллион теңгені құраса, қазір 43 миллион теңгеге дейін төмендеген екен. Нәтижесінде ай сайынғы шығынын әрең жауып отырғанын айтқан автопарк басшылары оқушылар мен студенттер демалыста болатын жаз айларында субсидиялауды қайта қолға алса деген өтініштерін жеткізді.

– Естеріңізде болса, жол жүру ақысын 20 теңгеге қымбаттатып, республикадағы ең жоғарғы деңгейге жеткізер алдында да тура осылай уәде бергенсіздер. Әрине, қазіргі ахуал оңай болып тұрған жоқ. Дегенмен, мұндай жағдай барлығының басына түсіп отыр. Дәл осындай халде Алматы қаласында 80 теңгеден, Түркістан қаласында 70 теңгеден жолаушы тасымалдауда. Сол себепті көмек сұраудың орнына нақты іске көшіңіздер, тығырықтан шығатын амалдарды қарастырыңыздар. Әр мекемеде қосымша қаражат қоры болады. Қажетті қаржыны сол қордан ала тұрыңыздар. Оның үстіне электронды билеттендіру енгізілгелі табыстарыңыз да артып отыр. Ал субсидияны автобус паркін жаңартып, жаңа көліктер алып келген кезде ғана төлеуге дайынбыз. Субсидия алып отырған жалғыз сіздер ғана еместігін естен шығармаңыздар! Әлеуметтік салалар, өзге де қажетті төлемдердің барлығына қаражат керек. Мемлекеттің қаржысын бей-берекет жұмсауға болмайды, – деген аймақ басшысы мемлекеттен субсидия сұрауға әуестенбей, жолаушы тасымалы сапасын көтеру үшін жүйелі жұмысқа көшуді міндеттеді.

Ержан Жылқыбаев тасымалдаушы компаниялар алдарына қойылған мақсаттарын орындай алмаса, арадағы келісім шарттарды бұзып, жолаушы тасымалы қызметін өзге мүдделі мекемелерге берілетінін еске салып өтті.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев автобус жүргізушілеріне жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жоспарын орындау міндеттемесін жүктеуді қоя керектігіне тоқталды.

– Жоспарды орындаймын деп жүріп, жүргізушілер электронды төлемге мән бермей, қолма-қол ақша алғанды дұрыс көреді. Артылғанын өз қалтасына басады. Бұл қаражат айналымындағы ашықтыққа төнген ең алғашқы қауіп. Сондықтан аталған мәселені түбірімен жою қажет. Бұдан бөлек, автобустарды көгілдір отынмен жабдықтау да маңызды болып тұр. Бұл да қаржы үнемдеуде өз тиімділігін берері сөзсіз, – деді облыс әкімі.

Кеңес соңында аймақ басшысы жиында сөз болған мәселелерді назарға алып, олардың шешу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.