• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев – Кабинетте отырмай, ауылдарды аралаңыз

turan_admin turan_admin
08.06.2021, 14:41
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев – Кабинетте отырмай, ауылдарды аралаңыз
288
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте мал азығын дайындау және халық санағын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов ағымдағы жылы көктем айларындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты шабындықтардағы мал азығына дайындалатын өнімнің төмендеуі байқалатындығын жеткізді. Оның айтуынша, мал қыстауын қалыпты өткізу үшін 1 млн. 713 мың тонна  пішен, 58 мың тонна пішендеме, 583 мың тонна  сабан, 54 мың тонна сүрлем, 645 мың тонна құнарлы мал азығын дайындау қажет. Ал, аудан әкімдіктерінің  ақпаратына сәйкес егістік алқаптар мен табиғи шабындықтардың өнімділігі есебінен 974 мың тонна пішен дайындалады деп күтілуде. Бұл қажеттілікті 57 пайызға  қамтиды. Сол сияқты пішендеме және сабан толық әрі артығымен қамтамасыз етілсе, сүрлем – 87 пайызға, құнарлы мал азығы – 47 пайызға қамтылады деп көзделуде.

— Бірінші кезекте мал азығына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Зерделеу көрсеткендей, облыстағы ұйымдасқан шаруашылықтардың мал азығын дайындауға қажетті егіс алқаптары мен шабындық жерлері және техникалар бар. Ал, мал азығының жетіспеушілігі қажетті жем-шөп қорын дайындауға мүмкіндіктерінің болмауынан жеке қосалқы шаруашылықтарда орын алуы мүмкін,-деді Қ. Аманов.

Облыс әкімі басқарма басшысына әрбір аудандағы ауылдарды аралап, жағдаймен жіті танысуды тапсырды.

— Ауыл шаруашылығына қатысты ведомство мамандары кабинетте отырып, тек қағаздағы есепке сүйенбей, ауыл-ауылдарды өз аяғымен аралап жүру керек. Сонда ғана сіздер қалыптасып отырған ахуал туралы жан-жақты хабарлай аласыздар,-деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы мал қыстату науқанында ауа-райының ерекшелігіне байланысты шөпті аса қажет етпейтін аудандардың мүмкіншілігін басқа аудандарға пайдалану керектігін алға тартты. Жауапты тұлғаларға өңірдегі жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша күнделікті ақпаратты баяндап тұруды міндеттеді. Аудандарда ірі агрохолдингтер құруға қатысты тапсырманың орындалуы, сүрлем дайындау, мал басын азайтып алмау секілді өзекті жайттар да назардан тыс қалмады.

Басқосуда келесі мәселе бойынша сөз алған облыстық статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев халық санағының  ұйымдастыру және өткізу туралы тоқталды. Ол алдағы санақты екі әдіспен, заманауи ақпараттық технологияларды, атап айтқанда «интернет» желісін және портативті-есептеу құрылғыларын (планшеттерді) пайдалану арқылы өткізу жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті.

Ағымдағы 1-30 маусым аралығында Ұлттық халық санағының (дайындық) бірінші кезеңі басталды десек, негізгі екінші кезең – 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында өткізілмек.

— Жаңа IT-технологияларды пайдаланып санақ өткізу әдісі біздің елімізде бірінші рет жоспарланып отыр. Интернет-сауалнама кезінде азаматтар өз бетінше өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне электрондық санақ парақтарын мамандандырылған сайтта толтыра алады. Екінші әдіс санақ персоналымен санақтан өтпеген азаматтарды жаппай аралап шығып, мәліметтерді жинау үшін пайымдалған,- деді департамент басшысы.

Облыс әкімі жауапты басшыларға халық санағының дайындық және негізгі кезеңдерінің сапалы әрі мұқият өтуін бақылауда ұстауды жүктеді. Бұл орайда құрылған жұмысшы тобының қызметін, халық арасында түсіндіру және ақпараттандыру шараларын ұтымдыру  ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.