• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

turan_admin turan_admin
14.05.2020, 11:01
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
265
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл  Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында  алты жаңа ауылдық  мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады.

Сейсенбі, 12 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар барысымен танысты.

Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етшілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта тиісті инфрақұрылым тартылып, қайта жаңғырту шаралары атқарылғаннан соң олар «Айша бибі» кесенесі мен «Көне Тараз» кешенімен қатар туризмді дамытудың локомотивіне айналады деп күтілуде.

«Қарахан» кешенінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Онда экспозиция залы өз жұмы істейді. Қазіргі уақытта «Қарахан» және «Көне Тараз» кешендерін қосатын жаяу жүргіншілер аймағын қамтитын сквер салу жобасы іске асырылуда. Қала әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін бес жеке үйді сатып алу мәселесін қарастыруда.

Аймақ басшысы көгалдар мен гүлзарларды отырғызып, Байзақ батыр көшесі жағынан Қарахан кесенесінің панорамалық көрінісін ашуды, ол жақтан да жеке кіреберіс салуды ұсынды.

«Тектурмас» этно-тарихи кешені өткен жылы қайта жанданып, онда Әулиеатаға алып ескерткіш қойылып, басқа да сәулет элементтері орнатылды. Алайда, жобаны толық аяқтау үшін ол жерге көпестердің дүкендері бар ортағасырлық бекініс тұрғызып, сарқырама, жағалауды жайластыру, кешен мен кесененің арасына жаяу жүргіншілер аллеясын салу, Аңырақай және Атлах шайқастары бейнеленген барельефті қабырға орнату жұмыстары жүргізілуі керек. Ал аспалы жол салу мәселесі кешен толығымен аяқталғаннан соң қаралмақ.

— Тектұрмастағы жұмыстарды екі кезеңге бөлу керек, алдымен абаттандыру жұмыстарын аяқтап, содан кейін бекіністің құрылысын бастаған дұрыс.

«Қарахан» және «Тектұрмас» кешендеріне туристік маршруттарды ұйымдастыру, гидтер мен экскурсоводтарды оқыту қажет. Туризм басқармасы туризмді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуі қажет. Жамбыл облысы барша Қазақстан мен шетелге барынша жарнамалап, марқая көрсетуге тұрарлық тарихи нысандарға  бай, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.