• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов: Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін озық ғылыми зерттеулерді пайдалану қажет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысының тау-кен металлургия кешенінің қызметімен танысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
23.08.2024, 19:16
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов: Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін озық ғылыми зерттеулерді пайдалану қажет
46
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жезқазған байыту фабрикасы мен тәжірибелік гидрометаллургия зауытына барды.

Премьер-Министр Жезқазған байыту фабрикасының өндірістік алаңдарын аралап, өндірісті жаңғырту жоспарларын көрді. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 21,3 млн ҚМТ (құрғақ метрикалық тонна) мыс кенін қабылдайды, 445 мың астам ҚМТ концентрат өндіреді. 2020-2024 жылдары Жезқазған байыту фабрикасын жаңғыртуға және жабдық сатып алуға 49,5 млрд теңге инвестиция бағытталды.

«Қазақмыс» корпорациясы фабриканы жаңғыртуды кезең-кезеңімен жалғастыруда. №1 және №2 байыту фабрикалары бас корпусының №2 блогын реконструкциялау жүзеге асырылуда. Инвестиция сомасы – шамамен 20 млрд теңге, мыс алу көрсеткіштерінің артуы есебінен концентраттағы мыс өсімінің 3%-ға өсуі күтілуде. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, іске қосу-реттеу кезеңі басталады.

Олжас Бектенов өндірістік объектілерді жаңғыртудың маңызын атап өтті, өйткені бұл отандық тау-кен металлургия саласының дамуына елеулі серпін береді.

Үкімет басшысына «Жезқазғансирекмет» РМК қызметі туралы ақпарат берілді. 25 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорын гидрометаллургиялық тәсілмен мыс өндірісінің қалдықтарынан сирек металдарды алумен айналысады. Сонымен қатар ғарыш және авиация индустриясының электр жабдықтарын өндіруде қолданылатын аммоний перренатының ТМД-дағы ірі өндірушісі әрі экспорттаушысы саналады. Өнімдер әлемдік нарықта сұранысқа ие.

Премьер-Министр мемлекет кәсіпорынды жаңғыртуға қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте өндірісті әртараптандыру, өнім желісін кеңейту саясатының маңызы атап өтілді. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Премьер-Министр әлемдік деңгейде гидрометаллургиялық технологияларды дамыту мен оңтайландырудың негізгі буыны саналатын «Kazakhmys Smelting» ЖШС тәжірибелік гидрометаллургиялық зауытына барды. Жобаның мақсаты – энергияны аз тұтынатын және экологиялық қауіпсіз өндіріске көшуді қамтамасыз ететін пирометаллургиядан мыс алу технологиясын гидрометаллургияға қайта бағдарлау. Бұл әдіс төмен сортты шикізатты қалдықсыз қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда түсті, сирек және бағалы металдарды өндіруге 3 патент бар. Жақын арада гидрометаллургия жобасы толыққанды ірі зауытқа айналады.

Корпорация 4 жыл ішінде ғылыми-зерттеу қызметіне 25,4 млрд теңге бөлді. Өндірістік процестерді цифрландыру және автоматтандыру, экологияны қорғау шешімдері, денсаулық сақтау, геологиялық барлау, қызметкерлердің ғылыми әлеуетін дамыту және басқа да бағыттар бойынша 242 ҒЗТКЖ жобасы іске асырылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Премьер-Министрге отандық ғалымдардың өнеркәсіп кәсіпорындарын, оның ішінде «Қазақмысты» ғылыми тұрғыда сүйемелдеу барысы туралы баяндады. Ғылыми орта алдына кен құрамы төмен концентратты өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу міндеті қойылды. Бұл мақсаттарға нақты экономиканың сұранысы мен қажеттілігін шешудің жаңа тетіктерін іздестіретін ғылыми-технологиялық хакатондар бағытталатын болады.

«Бұл зауыттың ашылуы өнеркәсіп пен ғылым ынтымақтастығының үлгісі саналады. Ғылыми зерттеу жұмыстарына инвестиция салуға және еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеуге деген ұмтылысты басқа кәсіпорындар да жалғастыруы керек. Шикізаттан металл алудың қолданыстағы әдістерін жақсарту үшін озық зерттеулерді қолданған жөн. Бұл ретте қоршаған ортаға тигізетін әсерін ерекше бақылауда ұстау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ғылыми зерттеуЖезқазғанҚР ҮкіметіОлжас БектеновОтандық өнеркәсіп саласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.