• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов қос қаланы дамыту жоспарымен танысты

Олжас Бектенов Алматы облысындағы Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарын тыңдады

Turan Redaktor Turan Redaktor
30.05.2024, 22:43
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов қос қаланы дамыту жоспарымен танысты
45
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында биыл орындалуы тиіс негізгі міндеттермен және Қонаев қаласын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспармен танысты. Үкімет басшысы сондай-ақ Арнайы экономикалық аймақ аумағында ірі жобаларды іске асыру мәселесі бойынша Алатау әкімінің баяндамасын тыңдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қонаевтың дамуы жоғары экологиялық, «ақылды» қала тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс. Үкімет бекіткен Кешенді даму жоспарында 2023-2027 жылдар аралығында 187 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Қаланы абаттандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен де, жеке сектор тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетіледі.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндағандай, Қонаев қаласында абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 106 км инженерлік инфрақұрылым, оның ішінде 19 км автожол, 61 км электр беру желілері, 26 км сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді. Тұрғын үй орамдары қарқынды дамып келеді – 610 пәтерлік 10 үй салынды, 2023 жылы 15 үйдің құрылысы басталды, 2024 жылы 32 үй басталады деп жоспарлануда. Барлығы 1400 пәтерлік 47 үй. Қазіргі уақытта 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы пул жобасында 5 мың жұмыс орнын ашумен, капитал салымдарының барлық көлемі 470 млрд теңге болатын 23 перспективалық ұсыныс бар.

Биыл халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Олардың ішінде «Алматы-Өскемен» тас жолы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, «Жаңа Іле» жаңа шағын ауданында көше-жолдары желісін тарту, жаңа тұрғын алаптарға коммуникациялар жүргізу жұмыстары бар. Алдағы 5 жылда қалада оқушы орындарының, заманауи медициналық мекемелердің, мәдени және спорт нысандарының тапшылығы проблемаларын шешу көзделген. Мәселен, Қонаевта кітапханасы бар 600 орынға арналған Оқушылар сарайы, Спорт сарайы, драма театры салынады. Онкологиялық және перинаталдық блоктары бар көпсалалы аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана, 200 төсек-орынды инфекциялық аурухана пайдалануға беріледі. Freedom finance туристік саланы дамыту үшін инвестор ретінде әрекет етті: банк жаңа орналастыру объектілерін, қонақ үй кешендерін салу бойынша 6 инвестициялық жобаны жүргізеді. Жалпы, Кешенді жоспар жоғары сапа стандарттарына сәйкес жаңа облыс орталығын дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Алатау қаласының жобасымен танысып, әкім Әркен Өтеновтің Арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективасы туралы баяндамасын тыңдады. АЭА аумағында 96,6 мың гектарда жалпы сомасы 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов қала әкімшілігіне әлеуметтік, инженерлік және тұрғын үй жобаларын сапалы іске асыруда жауапкершіліктің салмағы ауыр болатынын атап өтті. Үкіметтің қаулысымен Алатау қаласының Бас жоспары бекітілді, оған сәйкес жобалау шеңберінде құрылыстың биіктігі – қаланың орталық бөлігінен оның шекарасына қарай төмендету жолымен қалыптастыру қағидаты көзделген.

Нәтижесінде біз Алматының маңында туристік әлеуетті белсенді арттыра отырып, өнеркәсіптік, білім беру және логистикалық орталыққа айналатын ірі мегаполис құруды қамтамасыз етуіміз керек. Бас жоспардың әрбір тармағының іске асырылуын бақылауда ұстау, сондай-ақ бірінші кезектегі ірі жобаларды рұқсат құжаттамасымен қамтамасыз ету үшін қала аумақтарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді жеделдету қажет, — атап көрсетті Олжас Бектенов.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Алатаубас жоспарҚОНАЕВҚР ҮкіметіОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.