• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗДЕГЕН АДАМНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ

turan_admin turan_admin
14.05.2021, 10:54
Облыс жаңалықтары
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗДЕГЕН АДАМНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ
415
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осыдан бір жыл бұрын Жамбыл облысында ұлтаралық келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» республикалық жобасы басталған болатын. Өткен жылы жоба аясында арнайы жұмыс топтары қызметінің арқасында жамбылдықтардың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік туды. Ағымдағы жылы да жоба аясында аз шаруа атқарылған жоқ десек, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте ол туралы жан-жақты сараланды.

Аймақ басшысы «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындар өз мәселелерін шешуде мемлекеттің қолдауы мен көмегін сезінуі тиіс екендігін атап өтті.

— «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жамбылдықтарды ұйыстыра түсті. Оны іске асыруға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері де атсалысуда. Алдымен облыстың бірнеше ауданындағы ондаған елді мекен қамтылды. Содан кейін біз арнайы штаб құрдық. Енді жобамен 145-тен астам елді мекен қамтылуда. Ағымдағы жылдың төрт айдағы жұмысын қорытындылайтын уақыт жетті, — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың, діни және іскер топтардаың өкілдерінен тұратын үш жұмыс тобы қатысуда. Осы жылдың  алғашқы төрт айының өзінде топ мүшелері 145 елді мекеннің тұрғындарымен кездескен. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзовтың айтуынша, ауыл тұрғындары негізінен ауыз су мен суармалы судың тапшылығы, жайылымдарға қатысты мәселелер бойынша жүгінуде.

— Ауыз су мәселесі ең алдымен Шу, Байзақ, Сарысу, Талас, Қордай аудандарының тұрғындары үшін өзекті болып отыр. Қордай ауданының Қарасу, Қайнар және Сарыбұлақ ауылдарында су құбыры ескірген. Ауыл тұрғындары құбыр мен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруді сұрайды. Бұл елді мекендерде шекара маңындағы су айдындарына қатысты да мәселелер бар, — деп атап өтті Б.Жамангөзов.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков түрлі этнос өкілдері шоғырланған жеті аудандағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы баяндады.

— Ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, білім беру, медициналық қызмет сапасын жақсарту, діни білім деңгейін көтеру мәселелері назарға алынды. Осы мәселелерді шешу үшін арнайы жол картасы әзірленіп, оны іске асыру аясында 812 іс-шара, 204 кездесу және 111 қоғамдық қабылдау өткізілді. Нәтижесінде 1070 азаматқа әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау білдіріліп, 445 азаматқа медициналық көмек көрсетілді, ал 170 ауыл тұрғынына өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз гранттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді, – деді ол.

Сонымен қатар, жеті ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, тұрақты жұмыс орындарына 347 адам орналасса, жастар тәжірибесіне 245 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 129 адам тартылған.

Өңір басшысы жұмыс топтарының қызметіне оң баға берді. Бердібек Сапарбаев жұмыс тиімділігін арттыру үшін «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыруға жауапты ретінде ауылдық округ әкімдіктері аппараттарынан бір қызметкерден бекітуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzБейбітшілікжобажұмыскелісімҚОҒАМ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.