• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 03:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БАТАРЕЯ МҰЗ БОП ЖАРЫЛДЫ. ЗАЛАЛДЫ КІМ ӨТЕЙДІ? МӘСЕЛЕГЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

Редакцияға Тараз қаласы Асқаров 20 мекенжайында орналасқан ғимарат жылусыз қалып, трубалары жарылды деген ақпарат келген болатын.

turan_admin turan_admin
29.01.2024, 15:21
Облыс жаңалықтары, Сараптама, Фото көрме
БАТАРЕЯ МҰЗ БОП ЖАРЫЛДЫ. ЗАЛАЛДЫ КІМ ӨТЕЙДІ? МӘСЕЛЕГЕ КІМ ЖАУАПТЫ?
740
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Біз ақпаратты тексеру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Еркін Келесовке хабарластық.  Ғимарат ішіне желтоқсан айында кіруге мүмкіндік болмады. Ал желтоқсан айының аяғында мәселе жоқ екендігін Келесов ұялы телефон арқылы айтқан болатын.

Жамбыл облысы әкімдігінің  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы ақпаратына сәйкес 37 бірлік радиатор (батарея) және ішінара жылу құбырлары аяздан қатып қалған.

«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы жаңадан бой көтерген 14-шағын аудандағы ғимаратқа көшуіне байланысты Тараз қаласы, А.Аскаров көшесі Nº20 мекен-жайда орналасқан ескі ғимаратың жылу жүйесіне қоспау туралы 2023 жылдың 11 қазанында «Таразтрансэнерго» МКК-н атына хат жолданған (11.10.2023 жылғы Nº5-02-296). Осы жылдың 15 желтоқсанында ескі бос қалған ғимараттың меншіктік сыртқы және ішкі жылу жүйелерінде су қалып-қалуы себепті 37 бірлік радиаторы (батарея) және ішінара жылу құбырлары аяздан қатып қалған. Осыған орай «Таразтрансэнерго» МКК мамандарымен зерделеу жүргізіліп, акт толтырылды», — делінген ақпартта.

17 қаңтар күні басқарма басшысының рұқсатымен Асқаров 20 мекенжайында орналасқан ғимаратқа кірдік. Жамбыл облысының әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасына қарасты тұрмыстық зорлық зомбылық көрген әйелдерді қорғау мекемесі көшуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Бұл мәселе бойынша мекеме басшысы Гүлхан Тұрсынбаевамен тілдескен болатынбыз.

Қазіргі таңда жуып шаю, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірінші ақпанға дейін көшіп кіруіміз керек. Бірнеше радиатор (батарея) және 320 теплотрассаны пердігер ауыстырды. 320 метр теплотрасса ауысты. Жұмысты жасайтын да өздері,- деді мекеме директоры.

Асқаров көшесі 20 ғимаратының іші
Асқаров көшесі 20 ғимаратының іші

«Мердігер ауыстырды ма, әлде өздерінің қаражатына ауыстырды ма?» деген сауалмен Тараз қаласы мәслихатының депутаты, Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры Қарлығыш Бибазаровамен сұхбаттастық.

Бибазарова Қарлығаш
Фотода Қарлығаш Бибазарова мәслихат депутаты төсбелгісін алу сәті. Әлеуметтік желіден алынды

— 20 қыркүйекте осы жаңа ғимаратқа көштік. Себебі ашылуына дайындалдық. Құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін бұл жерде тазалау, реттеу, әр маманның кабинетін белгілеп, өз орнын дайындау дегендей жұмыстар бар. Себебі, қызмет алушылар қазан айында келетін болды. Біз осыған байланысты уақытша екі аптаға мерзімін тоқтаттық. Уақытша тоқтата тұру деген стандартта бар нәрсе. Сол көшу жұмыстарына байланысты екі аптаға тоқтатып, 20 қыркүйкте осы жаңа ғимаратқа көштік. Осылайша 6 қазанда ашылдық, сөйтіп содан бастап өзіміздің қызметімізді ары қарай жалғастырып келдік. Ал енді Асқаров 20 мекенжайы бойынша. Біріншіден, бізге тапсырма берілді. Дағдарыс орталығы көшіп келгендіктен ол жерде міндетті түрде биіктігі 3 метрлік қоршау болуы керек. Ол қоршауды конкурс жариялаған соң мердігер мекеме ұтып алды. Сөйтіп жұмыстарын кештеу бастады. Қоршауды соңынан дейін аяқтап тапсырды, — дейді директор.

Асқаров көшесі 20
Асқаров көшесі 20

Директордың айтуынша жылуды өшіретін кезде «Таразтрансэнерго» (ТЭЦ) мекемесіне хат жазылған.

— Ол кісілердің мамандары келді. Бірақ суды ағызып жатқан кезде біз болған жоқпыз. Бізде мына жақта жұмыс қарбалас болып жатты. Жаңадан келген қызмет алушылар бар, бұл жерде енді шынымен жұмыс көп болды. Болған жайға дағдарыс орталығының бас есепшісі Эльмира деген кісі баскөз болды. Сол кісі қадағалап отырды. Судың барлығын ТЭЦ мамандары ағызып, жабу керек тұстарын өздері жауып кетті,-деді директор.

— Бірінші қабаттың батереялары жарылғаны рас. Бірақ біз оны қалпына келтірдік. Бізде әлеуметтік медицина мекемелері бар. Солардың басшылары қол үшін берді. Өздерінің батареяларын, трубаларын қойды. Әр мекемеде біздің слесарь, сантехник лауазымында жұмыс істейтін адамдарымыз бар. Соларды жұмылдырып, бәрін қалпына келтірдік,- деді Қарлығаш Жалғасқызы.

Асқаров көшесі 20
Асқаров көшесі 20

Ғимарат пайдалануға 2004 жылы берілген.  Іші суық. Бөлмені жылытуға батарея саны жетіспейді. Осылайша бізге жаңадан көшіп жатқан қызметкерлер наразылықтарын жеткізді.

Асқаров көшесі 20
Асқаров көшесі 20

Осы ретте заңды сауал туындап тұр. Неліктен басқарма басшысы Еркін Келесов желтоқсан айында кіріп көруге бекінгенімізде «бәрі бақылауда» деген сөзінен танбады? Екі мекеме басшысы жөндеу жүргізу туралы екі түрлі ақпарат берді. Кімге сенген дұрыс? Ғимараттың үстіңгі қабаттары жылына ма? Әлде онсыз да озбыр күйеулерінен қашып келген аналар мен балалар суық жерде дірдектеп жата бере ме?

 

 

 

 

Асқаров көшесі 20
Асқаров көшесі 20

Айгүл Ержігіт

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.