• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бастауыштың оқушыларының бәрі түскі аспен қамтылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды.

15.08.2023
0
Бастауыштың оқушыларының бәрі түскі аспен қамтылады
69
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйектен бастап 7,7 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алатынын, олардың 364 мыңы бірінші сыныпқа баратынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылдан бастап 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы (1-4) тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

1 қыркүйекке қарай республикада 65,6 мың балаға арналған 52 жаңа мектеп, ал жыл соңына дейін 66,4 мың балаға арналған тағы 102 мектеп есігін ашады. Бұл 12 апаттық және 29 үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесін шешеді. Оған қоса жайлы орта құру мақсатында 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстар жүргізілді. 3 103 мектеп ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, 2 075 мектеп лицензияланған күзет агенттіктерінің қызметтерімен қамтылған (жыл басынан бері өсім – 1,8 есе), 3 327 мектепте дабыл түймелері орнатылған (өсім – 1,9 есе). Аталған бағыттардағы жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.

Өңірлердегі жаңа оқу жылына дайындық туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтып берді.

Премьер-Министр оқу жылы басталғанға дейін 52 жаңа мектеп ашу жоспарланып отырғанын атап өтті, жаңа білім ордасын мыңдаған оқушы асыға күтіп жүр. Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан 15 мектеп уақытылы ашылмай қалуы мүмкін.

«Мұндай объектілердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жаңа мектептердің іске қосылуын қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, бірақ мұнда да жұмыстардың уақытында аяқталмай қалу қаупі бар. Ақмола облысының өзінде ғана шамамен 7 мектеп жаңа оқу жылына дейін жөндеу жұмыстарын үлгермей қалуы мүмкін, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай 2 мектептен бар.

«Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Нормаға сәйкес, барлық құрылыс жұмысы жаңа оқу жылының басталуынан 2 апта бұрын аяқталуы керек. Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысының айтуынша, 54 мектеп ғимаратынан жылыту қазандықтары әлі күнге дейін шығарылмаған. Мектептерді жаңғырту мәселесі бойынша да сұрақтар бар.

«948 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілді деп саналады, алайда тек 290 мектеп заманауи робототехника, химия, биология және физика кабинеттерімен жабдықталған. Бірақ бұл жеткіліксіз. Өңірлер әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектепте заманауи пән кабинеттерін ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізуі керек. Жұмысты есеп беру үшін ғана жүргізуге болмайды», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің айтуынша, білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарауға жол бермеу керек. 

«Білім беру объектілерінің барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Осы ретте жұмысты белсенді жүргізу қажет», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер-Министр 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушысы, яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын атап өтті.

«Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды», — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса Үкімет басшысы көмекке мұқтаж балаларды 100% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Шалғай ауылдарда мектеп жәрмеңкелері мен көшпелі автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Әкімдіктер, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мен “Атамекен” палатасы оқу құралдары мен мектеп формасының қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы тиіс», —деді Премьер-Министр.

Сөз соңында Әлихан Смайылов бейнекамераларды жаңарту, бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталықтарына қосу, білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау қажеттігін айтты.

Тегтер: turaninfoturaninfo.kzбастауыш сынып оқушыларыБІЛІМ САЛАСЫҚР Оқу-ағарту министрлігіҚР Үкімет сағатытүскі аспен қамтылу
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Облыс әкімі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Облыс әкімі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

21.09.2023
Antikor жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметкерді жауапқа тартқан

Antikor жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметкерді жауапқа тартқан

21.09.2023
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

21.09.2023
«Тараз» ӘКК: Біз қауіпсіздік талаптарын сақтауға мұқият назар аударамыз

«Тараз» ӘКК: Біз қауіпсіздік талаптарын сақтауға мұқият назар аударамыз

21.09.2023
Облыс әкімі зиялы қауым, ардагерлермен кездесті

Облыс әкімі зиялы қауым, ардагерлермен кездесті

21.09.2023
Қазақ спортшыларының жарқын жеңісі

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ЖАМБЫЛДЫҚТАРДАН КІМДЕР ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ?

20.09.2023
JAMBYL 109

ТАРАЗДЫҚТАРДЫ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР МАЗАЛАЙДЫ?

19.09.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz