• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балаларды жазғы демалыста ауылдағы ата — әжесіне жіберу керек

turan_admin turan_admin
03.07.2021, 11:48
Облыс жаңалықтары
Балаларды жазғы демалыста ауылдағы ата — әжесіне жіберу керек
181
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиында облыс әкімдігінің  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Ол облыс халқының 22,4 пайызын жастар құрайтынын, облыста жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Әулиеата жастары» бағдарламасы қабылданғанын, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығымен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайызды құрағанын, ол республика бойынша өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап өтті.

— «NEET және пробация тізімінде тұрған жастармен» 2021 жылғы арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.  Іс-шаралар жоспарында нақты индикаторлық көрсеткіштер айқындалған. Жоспар бойынша жыл басынан 16 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 655 жас жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына облыстық бюджеттен бөлінген 53,4 млн теңгеге жұмыссыз, NEET жастар маусымдық жұмыстарға тартылуда. Бүгінге еңбек маусымының жұмыстары басталып, кезең кезеңмен 463 жас жұмыс атқаруда. Жыл соңына дейін 1 мың жасты тарту көзделуде. Одан бөлек, 200-ге тарта студент жастарды құрылыс нысандарына маусымдық еңбекпен қамту бойынша салалық басқармамен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде,-деді Серікбол Берікқожа.

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев жастар саясаты мен тәрбиесінде орын алып отырған өзекті  мәселелерге ерекше назар аударды.

— Жас ұрпақ үшін ата мен әже тәрбиесі – үлкен мектеп. Тараз қаласындағы оқушы балаларды жазғы демалыста ауылдағы  ата — әжелеріне жіберу керек. Ата-аналар осы жағын ойластырғаны абзал. Бүгінде жастардың бос уақытын тиімді өткізу жағына да баса мән берген дұрыс.  Біз өткен жылдың өзінде өңірде 14 спорт кешенін, 92 спорт алаңшаларын салдық. Әр ауылда жастардың  спорт,  өнер, шығармашылықпен еркін айналысуға мүмкіндіктері бар. Тиісті сала мамандары осы орайда жұмыла жұмыс жүргізуі керек. Жастар арасындағы қылмысты азайтуға тиіспіз. Әр аудандағы «Жастар орталығы» жеке ғимараттарда орналасуы керек. Бұл жұмыстар бірқатар ауданда жүзеге аспаған,-дей  келе аймақ басшысы бірнеше аудан басшыларының осыған қатысты уәжін онлайн форматта тыңдады.

Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек «Жастар орталығына» жақсы ғимарат беру мәселесі шешімін тапқанын жеткізсе, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулет, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбек ауданда жастар мәселелері бойынша атқарылған істер, қылмыстың алдын алу  жөнінде қолға алынған шаралар туралы баяндады.

Жиында «Жасұлан» жасөспірімдер ұйымының төрайымы Айжан Ортайқызы барлық мектеппен байланыс орнатылғанын, ұйымға 160 мың оқушы қабылданғанын тілге тиек етті. Облыстық мәслихат депутаты, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек Таразда көше спортын дамытуға қатысты нысан көп салынғанын,  алайда  оның қызметін пайдаланушылар аз екенін, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты мәселелерді жеке-жеке талдап, талқылауды ұсынды.

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі осы көктемгі маусымда 1149 жас әскерге аттанғанын, өзге ұлт өкілдерінің әскерге баруы былтырғыдан 5 пайызға артқанын айтты.

Облыс әкімі жиында көтерілген барлық ұсыныстарды қолдайтынын, жастардың күші, жастардың тәрбиесі қоғам өмірінде қашанда өзекті екендігін айрықша атап көрсетті. Жастар саясатын облыста сүбелі жүзеге асыру бағытында әлі де ізденістің қажеттігін айтып, орынбасары Дәулет Кәрібек пен аталған басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.