2025 жылдың 16-18 мамыр күндері Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында 2013-2014 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан Жамбыл облысының жазғы чемпионаты өтті.
Аталған турнирде Байзақ ауданындағы №10 БЖСМ-нің волейбол бөлімі спортшылары үздік ойын көрсетіп, Жамбыл облысының чемпионы атанды.
Жас спортшылардың жаттықтырушысы – Нұржас Әлішер.







