• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Байзақ спортының бағын асқақтатқан мектеп

Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы №8 спорт мектебі бүгінде облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де танылып келеді.

turan_admin turan_admin
11.11.2025, 18:12
Облыс жаңалықтары, Спорт
Байзақ спортының бағын асқақтатқан мектеп
344
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығы артып, түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл жетістіктердің артында тәжірибелі де талапшыл басшы — спорт саласында ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Айтпеков Асан Асыпбекұлының еңбегі зор. Біз мектеп директорының өзімен әңгімелесіп, спорт саласындағы ізденістері мен табыстары туралы сұрап білдік.

– Спорт саласында жүргеніңізге қанша уақыт болды? Жалпы еңбек жолыңыз туралы баяндап өтсеңіз.

– 1999 жылы дене шынықтыру және спорт академиясын тәмамдап келген соң Байзақ ауданында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебі ашылып, әдіскер лауазымына жұмысқа қабылдандым. Ол тұста бұл мектепте Бағдат Әлімбетов есімді ағамыз басшы болатын. Бірнеше жылдан соң оқу-ісі жөніндегі орынбасар қызметіне тағайындалдым. Кейіннен шаруашылық жөніндегі орынбасар болып қызмет еттім. 2016 жылы осы №8 спорт мектебіне басшылық қызметіне келдім. Ол кезде ғимаратымыз шағын болатын. Он жылға жуық уақытта спорт мектебінің аумағы ұлғайып, қосымша ғимарат салынып, кеңейіп, көптеген жетістіктерге жеттік. Менің мақсатымның бірі – осы мектепті үлкен спорт орталығына айналдыру болатын. Қазір сол мақсатқа жетіп отырмыз.

– Иә, сіздің бұл саладағы еңбегіңіз үлкен. Үнемі жылдық үздік спорт мектебі, үздік клуб сынды сайыстардың жеңімпазы болып жатасыздар. Бұл орасан еңбектің артында кім тұр – сіз бе, әлде жаттықтырушылар ма?

– Бізде “Егер спортшы жоқ болса – ештеңе емес, жаттықтырушы жоқ болса – мәселенің көкесі сол” деген сөз бар. Кез келген спорт түрінен жетістікке жету үшін жақсы маман қажет. Қазір бұл мекемеде алты спорт түрінен алты бірдей ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы жұмыс істейді. Мәселен, қазір дзюдодан екі қызымыз Қазақстан чемпионатында бақ сынап жатыр. Дзюдо бүгінде қарқынды дамуда. Тек дзюдо емес, барлық спорт түрінен алға жылжу бар. Қазір мектепте 13 спорт түрі бар: классикалық және жағажай волейболы, баскетбол, футбол, үстел теннисі, қазақша күрес, дзюдо, еркін күрес, қол күрес, таэквандо, бокс, кикбокс және ауыр атлетика. Барлығының жетістігі көңіл қуантады.

– Сарыкемер ауылының өзінде екі бірдей спорт мектебі бар. Сіздің мектебіңіздің нәтижелері жоғары болуының сыры неде?

– Ең бірінші кезекте – жаттықтырушылар құрамында. Жақсы жағдай жасалған жерде жақсы маман тұрақтайды. Шетелдік жарыстарға баруға да қолдау көрсетіп отыратын азаматтар бар. Аудан халқы қырық мыңға жуықтап қалды, сондықтан “бала келмей қалады” деген мәселе жоқ. Керісінше, спорт мектебі жетіспейді. Балалар кейде түнгі сағат 10-11-ге дейін жаттығады.

– “Мына бала біздің шәкіртіміз” деп төс қағып айта алатын спортшыларыңыз бар ма?

– Әрине, бар. Бокстан Қазақстан біріншілігіне қатысып жүрген Ақжүрек деген шәкіртіміз бар. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, бүгінде өзіміздің жаттықтырушымыз – Рауза Нұрмағамбетова. Волейболдан да жетістігіміз аз емес – сегіз оқушымыз облыстық құрама сапында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – үлкен мақтаныш. Бұрын волейболды көбіне басқа ұлт өкілдері ойнайтын, ал қазір біздің ауыл балаларының да бұл спортқа қызығушылығы артты. Сонымен қатар ауыр атлетикадан Айнұр есімді қызымыз ұлттық құраманың мүшесі.

– Қазір тәрбиеленіп жатқан спортшыларыңыздың жетістіктерін атап өтсеңіз.

– Кикбокстан 2-3 баламыз Ташкентте оқу-жаттығу жиынында жүр. Азия чемпионатына дайындық үстінде. Чемпиондардың бәрі ауылдан шығады ғой. Мысалы, Асланбек Шымбергенов бала кезінде ауылынан аудан орталығына үш шақырым жаяу келіп жаттығатын. Ал қазір жағдай бар. Жақында аудан әкімі Олжас Баққараевтың қолдауымен мектеп ауласынан көлік тұрағын салдық. Өйткені мәдениет – кіре берістен басталады. Келушілер мен ата-аналарға қолайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз.

– Жыл сайын дәстүрлі турнир өткізіп келесіздер. Бұл үрдістің мәні неде?

– Иә, бұл жақсы дәстүрге айналды. “Өз үйім – өлең төсегім” демекші, өз жерінде чемпион атану балаларға үлкен қуат береді. Турнир екі күнге созылып, жастар үшін нағыз мерекеге айналды. Осындай жарыстар жиі өтсе, спортшылардың ынтасы да артады.

– Олимпиада чемпионын тәрбиелеу – кез келген жаттықтырушының арманы. Алдағы бес жылда өз шәкірттеріңізден кімнен үміт күтесіз?

– Қазір үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Бізде Қордайдан келген Харки есімді білікті жаттықтырушы еңбек етеді. Оның шәкірттері лицензия алу жолында. Күрес пен дзюдодан да үмітіміз зор. Бокстан да талантты жастар өсіп келеді. Ауыл-аймақтардан спортқа бейімі бар балаларды тартып жатырмыз. Жақында Мырзатай ауылында дзюдо және бокс үйірмесін аштық. Ауылдың меценаттары мен ақсақалдары қолдау білдіруде. Егер осылай жалғаса берсе, болашақта Байзақ ауданы бұрынғыдай спорттың тірегіне айналарына сенемін.

– Әңгімеңізге рақмет! Чемпиондардың жеңісті сәттерінде жүздесуге жазсын!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.