• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Баға мониторингі аясында 1 қаңтардан бері 600-ден астам сауда нысаны тексерілді

Жыл басынан бері ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп баға мониторингін белсенді түрде жүргізіп келеді. Мониторинг күн сайын, демалыс күндеріне қарамастан жүргізіліп жатыр. Бұл баға өзгерісін уақтылы анықтап, нарықты тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
08.01.2026, 09:42
Облыс жаңалықтары
Баға мониторингі аясында 1 қаңтардан бері 600-ден астам сауда нысаны тексерілді
27
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жыл басынан бері ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп баға мониторингін белсенді түрде жүргізіп келеді. Мониторинг күн сайын, демалыс күндеріне қарамастан жүргізіліп жатыр. Бұл баға өзгерісін уақтылы анықтап, нарықты тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 1 қаңтарда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елордадағы ірі сауда желілерін аралап, бағаларды тексерді.

1 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірлерінде баға мониторингі белсенді түрде жүргізілуде. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің басшылары әкімдіктермен бірлесіп 600-ден астам сауда нысанын тексерді.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің басшылығымен әкімдік өкілдері мен Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Самади» гипермаркетіне барды. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, атап айтқанда ұн, нан, сүт, күнбағыс майы, қант, күріш және өзге де өнімдердің бағасы мен қолжетімділігі тексерілді. Сондай-ақ тауарлардың сөрелерде болуы мен қоймадағы қор көлеміне ерекше назар аударылды.

Қызылорда облысында 31 желтоқсан мен 2026 жылдың 1 қаңтар күндері азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің жетекшілігімен жүргізілді. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ «Байқоңыр» ӘКК» АҚ өкілдерінен құралған жұмыс тобы Қызылорда қаласындағы «Сыбаға», «Смолл» және «Қызылорда» сауда желілерінде тексеру жұмыстарын жүргізді.

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығымен бірлесіп Орал қаласындағы ірі сауда желілерінде баға мониторингін өткізді.

6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы ірі сауда нүктелерінде бірінші кезектегі азық-түлік тауарларының бағасын жеке өзі тексерді.

«Өңірде бағаның өсуін тежеу мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Өткен жылы оның қаржыландыру көлемі 2,9 млрд теңгені құрады, шамамен 13 мың тонна өнім сатып алынды. Бұл қала халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына тең. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қорлары шамамен 12 мың тоннаны құрайды», — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Маңғыстау облысында төрт ірі сауда желісінде, оннан астам үй маңындағы дүкенде, сондай-ақ төрт көтерме базарда баға мониторингі жүргізілді.

Сонымен қатар Сауда комитеті өткен жылдың қорытындысын шығарды. 2025 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру деректері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес 2 796 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның ішінде 55,7 млн теңгеден астам сомаға 1 625 айыппұл салынды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.