• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ БИЛІК

turan_admin turan_admin
24.11.2017, 10:16
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ БИЛІК
363
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жуырда Жамбыл облысы әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевтың үкіметтік емес сектор өкілдерімен арнайы кездесуі өтті.
Кездесуге облыстағы белсенді қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен аудан, Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.
Кәрім Нәсбекұлы азаматтық сектордың бүгінгі міндеті мен олардың жүзеге асырып отырған жобаларының мәніне тоқталып, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» аясында азаматтық секторды дамыту мақсатында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолдауларды атап өтті.
Облыс әкімінің сөзінше, соңғы 5 жылда мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі 7 есеге дейін ұлғайған. Бұл дегеніміз, азаматтық қоғам мен мемлекеттік орган арасындағы сенім мен серіктестік те жыл санап артып отырған айшықтай түседі.
Кездесу барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының хабарламасы тыңдалып, бірқатар ҮЕҰ көшбасшылары сөз сөйлеп, азаматтық қоғамның мәселелерін талқылады.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева облыстың мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуі бағытында қоғамдық-саяси ахуалды нығайтуға азаматтық қоғамды белсенді тарту мақсатында атқарылып отырған ауқымды жұмыстармен кеңінен таныстырды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы өз баяндамасында:
– ҮЕҰ-дарды қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат көлемі, әлеуметтік жобалар саны мен онымен қамтылған тұрғындар саны жыл сайын ұлғайып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптері кеңейтілуде. Мәселен, өткен жылы 414,2 миллион теңгеге 161 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, биыл 221 жобаға 705,2 миллион теңге қарастырылған. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс облыстық деңгейде 10 басқармамен және жергілікті деңгейде 29 аудандық, қалалық бөліммен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ауылдық деңгейде әлеуметтік тапсырысты қарастыратын бюджеттік бастамалар әкімшілерінің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылы аудандық деңгейде 15 бөлім тарапынан жобалар жүзеге асырылса, 2017 жылы бөлімдердің саны 26-ға жетті, – деді. Ғалия Бектенқызы биыл ұзақ мерзімді 2 әлеуметтік жоба қолға алынғанын және мұндай жобаны республика бойынша тек Жамбыл мен Қарағанды облыстары ғана жүзеге асырып отырғанын айтты.
Мұнан өзге де көптеген деректер келтірілген баяндамадан соң «Жастар зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Парида Мамедова халықтың өзекті мәселелері мониторингінің қорытындысын жариялап, «Өзекті мәселелер картасының» тұсауын кесті. Онда көрсетілген проблемалық мәселелер барлық аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне жолданып, жергілікті атқарушы органдардар тарапынан шешу жолдары бойынша іс-шаралар жоспары әзірленетін болды.
Келесі кезекте «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қалиева адам саудасының алдын алу және адам саудасынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы кеңінен сөз өрбітті. Ол адам саудасының бүгінде дендеп тұрғанын, оған қандай жағдайда жол берілетінін және оның алдын алу мен оған душар болғандарға көмек көрсету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Ал «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қоры» қоғамдық қорының директоры Анжелика Сарьян облыстағы паллиативтік көмектегі үкіметтік емес ұйымдардың үлесі туралы айтып кетті. Осы орайда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев келесі жылы облыста онкологиялық аурухананың құрылыс басталатынын айтып, бұл мәселеде мемлекеттің де бей-жай қарамайтынын жеткізді.
Сөз сөйлеушілерден кейін өңір басшысы аудан әкімдеріне, басқарма басшылары мен мемлекеттік орган өкілдеріне үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланысты арттырып, ортақ мақсатта атқарылар жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Мысалы, қоғамдық ұйым басшыларына облыстық ішкі саясат басқармасымен біріге отырып, алдағы 5 жылға жемісті жұмыстар жоспарын құруға, ал аталған басқарма басшысы Ғалия Боранбаеваға белсенді ұйымдардың рейтингісін шығарып отыратын арнайы жүйе қалыптастыруды тапсырды. Ал аудан әкімдері мен басқарма басшыларына ҮЕҰ дамуына барлығы бірдей ықпал етулері керек екенін естеріне салып, әлеуметтік маңызды жобаларға тиісті назар аудару керектігін ескертті.

ФОТО АВТОРЫ: ВИКТОР БАРБАШ

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.