• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақ тазылары Дүниежүзілік көрмеде ресми түрде алғаш рет әлемге таныстырылды

8 тамызда Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.08.2025, 16:20
Қазақстан жаңалықтары
Қазақ тазылары Дүниежүзілік көрмеде ресми түрде алғаш рет әлемге таныстырылды
23
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған болатын. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр.

Қазақтың төл ит тұқымдары алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды.  «2025 жылғы Әлемнің жас чемпионы» аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз болды, Лашын —  «Әлем чемпионы», Ару атты тағы бір тазы — «Әлем чемпионы», Көксерек пен Пана — «Әлемнің вице-чемпиондары» атанды.

Бұған қоса, Лашын мен Ару Финляндия чемпиондары ретінде марапатталды.

Қазақстанның таныстырылымы көрме қатысушылары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Ұлттық атрибуттары бар жартылай орда түріндегі павильон іс-шарадағы көзге көбірек түскен алаңдардың біріне айналды. Қонақтар Қазақстаннан келген иттермен суретке түсіп, оның сыртқы сипатындағы ерекшеліктерімен, тарихымен, ерекше қасиеттерімен танысты.

Қазақстан кинологтары одағының тазының шығу тегі, қасиеттері туралы баяндады, халқымыз оны неліктен жақсы көретінін және қадірлейтінін түсіндірді, ол біздің ұлттық байлығымыз, халқымыздың жеті қазынасының бірі саналатынын жеткізді.

Қазақы тазыны сақтау және таныту жөніндегі жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылдың тамыз айынан бері ҚР Президенті Іс басқармасының жетекшілігімен жүргізіліп келеді. Үш жылда Қазақстан кинологтары одағымен бірлесіп, осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылды:

2023 жылы тамыз айында Қазақстан кинологтары одағы FCI-дың толыққұқылы мүшелігіне өтіп, ұлттық ит тұқымдарын халықаралық аренада таныстыру құқына ие болды.

2024 жылы мамырда Астанада өткен монотұқымды иттер көрмесі кезінде FCI комиссиясы 100 тазыны зерттеді.

2024 жылы 3 қыркүйекте Амстердамда «қазақы тазы» тұқымын әдепкі тану туралы шешім шығып, Қазақстанға оның толыққанды иесі деген мәртебе берілді.

Тазы тұқымын дамыту, халықаралық сайыстарға белсенді түрде қатыстыру сынды шарттар орындалған жағдайда 2034 жылға қарай оны толықтай тану туралы шешім шығуға тиіс. World Dog Show 2025 көрмесіне қатысып, Хельсинкиде тазыларды ресми түрде жұрт назарына ұсыну осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Тегтер: итҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігітазыХалықаралық көрме
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.