• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су қоймаларында 26 млрд текше метрден астам су жиналды

«Су ресурстарын басқаруда ашықтықты арттыру және жедел бақылауды күшейту мақсатында Жерді қашықтан зондтау негізіндегі ғарыштық мониторинг жүйесі енгізілуде. Бұл жүйемен еліміздің бес оңтүстік облысы толық қамтылған. Жыл басынан бері Түркістан облысында ғарыштық мониторинг нәтижесінде келісімшартсыз су алудың 39 фактісі анықталды. Нәтижесінде шаруалардың шамамен 790 мың текше метр суды заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта келтірілген шығынды өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.05.2026, 12:06
Облыс жаңалықтары
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су қоймаларында 26 млрд текше метрден астам су жиналды
15
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2026 жылғы су тасқыны кезеңінде Қазақстандағы лимандар мен көл жүйелеріне экологиялық мақсатта су жіберу үшін 12,8 млрд текше метр еріген қар суы бағытталды. Бұл бірқатар өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан Түркістан облысының Созақ ауданына 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Ертіс өзені бассейніндегі жайылма шабындықтарды суландыру үшін 6,42 млрд текше метр су бағытталды. Бүгінде Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің жайылмасында 290 мың гектардан астам аумақ суландырылды. Бұл жалпы аумақтың 87%-ына сәйкес келеді. Сонымен қатар Балқаш көлін толтыру жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылдың қазан айынан биылғы сәуірге дейін Қапшағай су қоймасынан көлге 3,74 млрд текше метр су жіберілді.

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су қоймаларында 26,2 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 500 млн текше метрге артық.

Болжамдарды ескере отырып, биылғы вегетация кезеңіне арналған оңтүстік өңірлердің су пайдалану лимиттері бекітілді. Қызылорда облысына – 3,2 млрд текше метр, Алматы облысына – 2,1 млрд текше метр, Жетісу облысына – 1,8 млрд текше метр су қарастырылған. Жамбыл облысы үшін су пайдалану лимиті 900 млн текше метр болса, Түркістан облысына 3,8 млрд текше метр белгіленді.

Вегетация кезеңі басталғанға дейін барлық дайындық жұмыстары толық аяқталды. 1840 шақырым ирригациялық канал механикалық әдіспен тазартылып, 680 шақырым суару желісі реконструкцияланды және 375 гидротехникалық нысан жөнделді.

Сонымен қатар каналдар арқылы судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» РМК филиалдары 181 насос агрегатын дайындады. Бұған қоса тағы 92 насос сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жабдықтар суару каналдарының ең күрделі учаскелерінде қолданылады.

Жыл басынан бері шаруалармен су беру жөніндегі келісімшарттарды электронды форматта жасау жүйесі енгізіліп жатыр. Жаңа ақпараттық жүйе өтініш беруден бастап келісімшарт жасауға, нақты су тұтыну көлемін есептеуге және төлем жүргізуге дейінгі су қамтамасыз ету процесінің толық циклін қамтиды. Қазіргі уақытта шаруалармен 25 мыңнан астам электронды келісімшарт жасалды.

«Су ресурстарын басқаруда ашықтықты арттыру және жедел бақылауды күшейту мақсатында Жерді қашықтан зондтау негізіндегі ғарыштық мониторинг жүйесі енгізілуде. Бұл жүйемен еліміздің бес оңтүстік облысы толық қамтылған. Жыл басынан бері Түркістан облысында ғарыштық мониторинг нәтижесінде келісімшартсыз су алудың 39 фактісі анықталды. Нәтижесінде шаруалардың шамамен 790 мың текше метр суды заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта келтірілген шығынды өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бас прокуратурамен бірлесіп бекітілген судың «қара нарығын» жою жөніндегі жол картасы аясында 2026 жылдың басынан бері бассейндік инспекциялар заңсыз су алғаны үшін жалпы сомасы 41 млн теңгеге 99 әкімшілік айыппұл салды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.