• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 09:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның мұнай-газ саласында бизнеске қойылатын 800-ге жуық артық талап қысқарады

turan_admin turan_admin
01.03.2023, 11:32
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның мұнай-газ саласында бизнеске қойылатын 800-ге жуық артық талап қысқарады
81
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері мен жоспарлары талқыланды.

Отырысты ашқан Үкімет басшысы мұнай-газ өнеркәсібі ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала беретінін атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі үш жарым еседен астамға, яғни жылына 25 млн тоннадан 90 млн тоннаға дейін өсті. ОПЕК деректері бойынша, Қазақстан бүгінде мұнайды ТОП-10 экспорттаушының қатарына кіреді.

«Жалпы, елімізде мұнай-газ саласы әлемдік трендтерге сай белсенді дамып келеді. Ол үшін өндірістің тиімділігін арттырудан бастап қайта өңдеу өндірістерін кеңейтуге дейін қажетті шаралар қабылдануда», – деді ол.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндамасында, геологиялық барлауға қосымша инвестициялар тарту үшін көмірсутектерді, оның ішінде газды барлау және өндіру жөніндегі күрделі жобалар үшін реттеушілік және фискалдық преференциялар пакетін көздейтін Жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілгенін атап өтті. 2023 жылы инвестиция көлемі $6 млрд болатын осындай алғашқы келісімшартқа қол қойылды. Инвестициялық қүны шамамен $2 млрд-ты құрайтын тағы бір келісімшартқа қол қою пысықталуда.

Бұдан басқа, салада электрондық аукциондар өткізуді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды. Осы жылы кен орындарын жылдам қолданысқа беру үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы рәсімдерді жеңілдету жұмыстары жалғасады.

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға қайта бағдарлау шеңберінде белсенді дамуда. Атап айтқанда, өткен жылдың соңында қуаттылығы 500 мың тонна полипропилен өндіретін әлемдік деңгейдегі ірі мұнай-химия зауытының бірі іске қосылды, ол республиканың ішкі қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Қосымша $12 млрд инвестиция сомасына полиэтилен, бутадиен және  полиэтилентерефталат өндіру бойынша тағы төрт ірі жоба іске асырылып отыр.

Алдағы уақытта Энергетика министрлігі ұлттық экономиканың түрлі салаларының қажеттіліктерін мұнай-газ химия өнеркәсібінің мүмкіндіктерімен өзара байланыстыру және импортты алмастыру, жаңа өнімге стандарттарды енгізу, сондай-ақ нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Премьер-Министр бұл қадамдардың барлығын жеке заңның әзірленуін күтпей-ақ, заңға тәуелді актілер деңгейінде қабылдау қажет екенін атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар салық салу, геологияны дамыту, экологиялық талаптарды сақтау, мұнай экспорты, жалпы саланың ашықтығын арттыру және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады. Әр тақырып бойынша Энергетика министрлігі, Экология министрлігі, Индустрия және басқа ведомстволардың басшылары егжей-тегжейлі түсініктемелер беріп, пікірлерін білдірді.

Премьер-Министр талқылауды қорытындылай келе, мұнай-

-газ саласының қарқынды дамуы бүкіл экономика үшін маңызды үдеріс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол қосымша инвестициялар тарту үшін Жақсартылған модельдік келісімшартты қолдануды жеделдету және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

«Жақын арада мұнай-газ саласы бойынша 800-ге жуық түрлі артық талаптарды қысқарту жоспарлануда. Бұл шаралар бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» Ұлттық палатасымен тығыз байланыста қабылдануда. Үкімет бұдан әрі де осындай сындарлы негізде жұмыс істеуге дайын», – деді Премьер-Министр.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне отырыста айтылған ұсыныстарды ескеруді және мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын табуды тапсырды.

Кеңес отырысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП төралқасы мен негізгі комитеттерінің басшылары, ірі салалық одақтардың, қауымдастықтар мен жеке компаниялардың өкілдері, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және т. б. қатысты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.