• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда жыл басынан бері 77 трансплантация жүргізілген

Қазақстанда ағза алмастыруға деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

14.05.2026
0
Қазақстанда жыл басынан бері 77 трансплантация жүргізілген
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінгі таңда мыңдаған пациент үшін ағза трансплантациясы — өмірін сақтап қалудың және толыққанды тыныс-тіршілікке қайта оралудың жалғыз жолы. Соңғы үш жылда елімізде ағзаны ауыстыру оталарының саны айтарлықтай артқаны байқалады.

Мәселен, 2023 жылы 236 трансплантация жасалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 260-қа, ал 2025 жылы соңғы жылдардағы ең жоғарғы меже — 310 отаға жетті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 77 трансплантация орындалып үлгерді, оның ішінде 55-і тірі донорлардан, ал 22-сі мәйіттік донорлардан алынған ағзалар арқылы жүзеге асырылды.

Трансплантация құрылымында бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және көздің мүйізше қабығын ауыстыру оталары бар. Сонымен қатар балалар трансплантологиясын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде: 2025 жылы балаларға 16 ота жасалды.

Дегенмен, ағза кезегінде тұрғандар саны әлі де көп. Қазіргі уақытта күту парағында 4 600-ден астам пациент тіркелген, оның 119-ы балалар. Ең көп сұраныс бүйрек трансплантациясына тиесілі — 4 102 адам. Сондай-ақ 267 адам бауыр, 198 адам жүрек, ал 33 пациент өкпе алмастыру кезегін күтіп жүр. 2023 жылмен салыстырғанда күту парағындағылар саны 3,9 мыңнан 4,6 мың адамға дейін өсті.

Трансплантология саласын ілгерілетудің негізгі факторы — мәйіттік донорлық және қоғамның ағза донорлығы мәдениетін қолдауға дайындығы. Анықталған әлеуетті мәйіттік донорлар саны 2023 жылғы 49-дан 2025 жылы 186-ға дейін өсті, ал 2026 жылдың алғашқы үш айында тағы 55 әлеуетті донор анықталды. Оған қоса, eGov порталы арқылы мәйіттік донорлыққа қатысты өз еркін білдіруші қазақстандықтардың қатары артып келеді.

Егер 2023 жылы жүйеде 38,7 мың өтініш тіркелсе, 2026 жылдың сәуіріне қарай олардың саны 156 мыңнан асты. Бірақ бұл көрсеткіштің ішінде тек 15,1 мың азамат мәйіттік донорлыққа келісімін берсе, 140,8 мың адам ресми түрде бас тартқан.

Тегтер: донорлықтрансплантология

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский