• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын жеткізуде делдалдарға бақылау күшейтілді

turan_admin turan_admin
13.09.2022, 17:57
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын жеткізуде делдалдарға бақылау күшейтілді
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қабылданған шаралар:

· Қазақстан Республикасының аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу жөнінде бірлескен бұйрық қабылданды.

· АЖҚС-та сараланған бағаларды енгізу бойынша бұйрық қабылданды, сондай-ақ дизель отынының шектелген көлемін беруге бақылауды іске асыру мақсатында осы бұйрыққа толықтырулар енгізіліп жатыр;

· вагон цистерналарын беру саны артты;

· «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» Үкіметтің тапсырмасы аясында қыркүйек-қазан айларында 100 мың тонна дизель отынын импорттауға келісімшартқа қол қойды, бүгінде 10 мың тонна дизель отыны импортталды;

· жанар-жағармай бағасын негізсіз көтеру және сатудан бас тарту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін Энергетика министрлігінде және ірі АЖҚС желілерінде «колл-орталықтар» құрылды;

· облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері мұнай базаларындағы жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын мониторингтеу және жанар-жағармай материалдары көлемдерін шалғайдағы елді мекендерде орналасқан АЖҚС-қа бөлу жөнінде шешімдер қабылдау үшін жедел штабтар құрды.

Министрдің айтуынша, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша мынадай іс-шаралар орындалды:

1) отынды әкетуге жол бермеу – бұрын ҚТЖ МӨЗ-ден басқаларына әкетуге тыйым салу жөнінде ішкі бұйрық қабылдады, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу және жартылай тіркемесіз/тіркемесіз жүк автомобильдерінің кіруіне тыйым салуды енгізу жөнінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды;

2) шағын АЖҚС-ты дизель отынымен қамтамасыз ету – ҚМГ мен Петросан есебінен дизель отыны көлемдерін директивалық бөлу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен АЖҚС-қа басым негізде бөлу, сондай-ақ жеке алушы-берушілер дизель отынын АЖҚС-қа тікелей жеткізуді растады; бұдан басқа, Энергетика министрлігі шағын АЖҚС үшін әкімдіктердің өтінімдері бойынша қажетті көлемдерді пысықтауда;

3) жеткізу маршруттарын оңтайландыру – ҚМГ мен Петросан дизель отынын тиеп-жөнелтуді жоспарлаған кезде географиялық орналасуы және нақты МӨЗ-де ресурстардың болуы ескеріледі; дизель отынын жақын өңірлерге тиеп-жөнелтудің басымдығы көзделеді;

4) өнімсіз делдалдарды алып тастау – ҚМГ мен МӨЗ-дер АЖҚС-пен тікелей шарттар расталған кезде ғана дизель отынын тиеп-жөнелту жөніндегі жеке алушылармен мәселені пысықтайды, өзге жағдайда тиеп-жөнелту тоқтатыла тұруы мүмкін. Жеке алушылардың бір бөлігі дизель отынын тікелей АЖҚС-қа жеткізуді растады.

Жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел шараларды қабылдау үшін

жөнелту тоқтатыла тұруы мүмкін. Жеке алушылардың бір бөлігі дизель отынын тікелей АЖҚС-қа жеткізуді растады.

Жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел шараларды қабылдау үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

Сонымен қатар одан әрі жағдайды тұрақтандыру мақсатында:

· облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері Энергетика министрлігіне, оның ішінде: жергілікті АЖҚС, коммуналдық кәсіпорындар мен автобус парктері дизель отынының талап етілетін көлеміне өтінімдер бойынша ақпарат беруді жеделдетуі керек;

· Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Энергетика министрлігі тәуліктік босату лимиттерін бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді жеделдетуі тиіс;

· ҚМГ Қазақстанға 100 мың тонна импорттық дизель отынын жеткізуді жеделдетуі керек, сондай-ақ АМӨЗ жөндеуге тоқтаған кезде қосымша көлем импортын қарастырылуы тиіс;

· ҚТЖ вагон-цистерналардың уақытылы берілуін және тиелген көлемдердің басымдықпен жеткізілуін үйлестіру мен бақылауды жалғастыру қажет;

· Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР МӨЗ-дерінде және мұнай базаларында дизель отынына көтерме сауда бағаларын уақытша мемлекеттік реттеуді енгізуі тиіс;

· Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және ҚМГ автобензиндер өндіруді, қорлардың орнын толтыруды және өткізуді бақылауды қамтамасыз етуі керек;

· жергілікті атқарушы органдар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылуын шектеуді және айналымыын бақылауды күшейтуі тиіс.

Энергетика министрлігі Арнайы комиссия аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың басшылығымен осы жұмысты үйлестіруді жалғастырады.

Қазақстан Республикасының 2022 жылға битумға деген сұранысы:

1) Батыс өңірлері – өндіру жылына 500 мың тонна болған кезде, ең төменгі қажеттілік – 191 мың тонна;

2) Солтүстік-Шығыс өңірлері – 308 мың тонна қажеттілік жылына 300 мың тонна өндіріспен жабылады;

3) Өңтүстік өңірлері – өндіру жылына 374 мың тонна болған кезде, ең жоғары қажеттілік – 602 мың тонна.

Қазақстан Республикасының битумға деген жалпы сұранысы – 1,1 млн тонна.

Министрдің айтуынша, жұмыс істеп тұрған зауыттарды қосымша тиеу есебінен елдегі битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкін болады:

CaspiBitum – Қаражанбас мұнайын өңдеу есебінен жылына 500 мың тоннаға дейін;

Qazaq Bitum – Ресей гудронының импорты есебінен жылына 374 мың тоннаға дейін.

«Жол-құрылыс компаниялары қысқы-көктемгі кезеңде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірыңғай сатып алушысы арқылы қосымша битум көлемін сатып алуды жоспарлауы тиіс. Жол-құрылыс жұмыстарының бағалары битум бағасының конъюнктурасына сай болуы тиіс», — деді энергетика министрі Болат Ақшолақов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.