Білім күніне арналған салтанатты жиынның күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады.
▪️Бірінші тоқсанда оқу мерзімі – 8 апта. Күзгі каникул 27 қазаннан 2 қарашаға дейін, яғни 7 күнге созылады.
▪️Екінші тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2025 жылдың 29 желтоқсанынан 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін, 10 күнге созылады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9–15 ақпан аралығында, 7 күнге белгіленген.
▪️Үшінші тоқсанда оқу мерзімі – 10 апта. Көктемгі каникул 2026 жылдың 19–29 наурызы аралығында өтеді, ұзақтығы – 11 күн.
▪️Төртінші тоқсан – 8 оқу аптасы, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.






