• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 4,9 мыңнан астам объект бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымның 4 926 объектісін бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізді. Қазақстанда соңғы үш жылда барлығы 13,8 мыңнан астам нысан бейімделді.

turan_admin turan_admin
12.01.2024, 23:57
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 4,9 мыңнан астам объект бейімделді
65
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуге тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект бейімделді.

2023 жылы бейімделуге жоспарланған 5416 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар 4 926 объектіде бейімделу іс-шараларын жүргізді, бұл жоспарланған көлемнің 91%-ын құрайды.

2023 жылға арналған бейімдеу жоспарын іске асыру бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары толық, жүз пайыздық оң нәтиже көрсетуде. Алматы қаласында жоспардың 90%-дан астамы іске асырылды. Ал, Астана, Шымкент, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында керісінше жоспардың орындалуы 90 %-дан төмен болып,  жақсы көрсеткіш байқалмайды.

Мәселен, ел бойынша мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

— білім беру объектілері – 5847 (мектептер, балабақшалар және т. б.);

— денсаулық сақтау объектілері – 2160 (ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар және т. б.)

— мәдениет объектілері – 1433 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

— мекемелер мен ұйымдар (оның ішінде мемлекеттік) – 2695 (жергілікті атқарушы органдар, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, азаматтарға арналған үкімет филиалдары және т. б.);

— сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық, қоғамдық тамақтану объектілері – 1165 (дүкендер, сауда орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.).

— әлеуметтік қорғау объектілері – 178 (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, оңалту орталықтары және т. б.);

— спорт объектілері – 289 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

— көлік инфрақұрылымы объектілері – 90 (Авто/ТЖ вокзалдары, әуежайлар).

Өңірлерде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтеді.

«Мен «Аманат» партиясының филиалы жанындағы объектілерді бейімдеу жөніндегі облыстық мониторингтік топтың мүшесімін. Жұмыс тобы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, атап айтқанда теміржол вокзалына, автовокзалға, Халық банкі филиалына, ХҚКО-ға және басқа да объектілерге барған кезде мен азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде оң өзгерістерді байқадым. Нысандар мүгедектер арбасына, нашар көретін және нашар еститін азаматтарға, халықтың аз қозғалатын топтарына бейімделген. Кіреберіс топтары толығымен қайта жаңартудан өтті, пандустардың параметрлері нормаларға сәйкес келеді, теміржол вокзалында перронға шығудың ыңғайлылығы үшін лифтілер орнатылды, барлық объектілерде санитарлық тораптар жабдықталған», – деді бірінші топтағы мүгедектігі бар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Эрман.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы ел бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 1 783 тексеру (880 – профилактикалық бақылау, 903 – жоспардан тыс) жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берілді, 98,4 млн теңге сомасына 467 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 462-бабы бойынша айыппұл салынады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.