Қазақстанда Ғаламдық экологиялық қор — БҰҰ Даму бағдарламасының «Көміртекті дамуы төмен тұрақты қалалар» жобасы іске қосылды. Ауқымды бағдарламаны қаржыландыру еліміздегі энергия тиімділігі жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Жобаның жалпы құны 5,93 млн АҚШ долларын құрайды. Ол қалалық инфрақұрылымның энергия тиімділігін дамытуды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, бағдарламада климаттың өзгеруіне әсер ететін қолайсыз факторлардың ықпалын азайтуға жіті назар аударылған. Жобаның техникалық серіктесі – Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты. Аталған мекеме энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздерін қолдауға бағытталған жобалық ұсыныстардың өлшемдеріне техникалық сараптама жүргізеді.
Жобаның басты шарты – негізгі несие сомасының 40 пайызына дейін субсидиялау болып табылады. Субсидияның жалпы сомасы 180 миллион теңгеге дейін. Жобаның аяқталу мерзімі 150 күннен аспауы тиіс (форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде оның мерзімі 30 күннен асырылмайды); субсидиялау несиесі ұлттық валютада жүзеге асырылады, төлемақы нысан пайдалануға берілген немесе жоба толыққанды іске қосылған жағдайда ғана беріледі.
Айта кетерлігі, бағдарлама аясында мемлекеттің үлесі 50 пайыздан аспайтын жобалар қарастырылмайды (Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларынан өзге).
Маңызды жобаларды қарастыруға өтінімдерді fm@undp.org. электронды поштасына жіберу керек.
Қосымша ақпарат алу үшін: е-mail: eedi.kazee.kz@gmail.com, тел.: 8(7172) 91-65-73; 91-65-74






