• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алушылардың саны 20 есеге азайған

 ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
02.03.2024, 20:07
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алушылардың саны 20 есеге азайған
171
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алматы облысының тұрғындары Көлік министрлігіне Қаскелең тас жолын кеңейту бойынша өтініш білдірді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс тұрғындары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және реконструкциялау, жолдарды күтіп-ұстау және КАЖ-Сервис қызметі бойынша сауалдарын жолдады. Сондай-ақ Алматы маңындағы елді мекенде халық санының өсуіне байланысты тұрғындар «Алматы-Бішкек» тас жолының учаскесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең қаласына дейін кеңейтуді сұрады.

Кездесуге Алматы облысының кәсіпкерлері деқатысты. Жолаушылар тасымалымен айналысатын өңірлік кәсіпорындардың өкілдері саланы дамыту проблемаларын көтеріп, облыстық автобус парктері үшін техниканы жаңарту бағдарламаларына жеңілдетілген шараларды қарастыру, автобус жүргізушілері үшін қажетті жұмыс өтілін азайтуды және D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшінжас көрсеткішін төмендетуді сұрады.

Марат Қарабаев өткен жылы бұл мәселелер бірқатар өңірде көтерілгенін айта келе, аталған сұрақ бойынша 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында шешім қабылдау жоспарланғаны туралы айтып берді. Алайда, Мәжіліс депутаттары министрліктің бұл бастамасын қолдамай, ендігі кезекте мәселе қайта қолға алынып жатыр.

«Біз бірінші жартыжылдықта Мәжіліс бұл өзгертулерге қолдау көрсетіп, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейіназайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейінтөмендейді. Әлбетте, мұнымен мәселе толықтай шешілмейді, дегенмен алғышарттары бар. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Аталған көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті», — деп жауап берді министр.

Жүк автотасымалдау саласының өкілдері жүк автомобильдерінің артық салмағын бақылауды күшейтуді және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беру жүйесіндегі әділетсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды.

Сөз кезегінде министр ведомство тарапынан жақын арада шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз қайта сатуға тосқауыл қойылатыны туралы айтты.

«Аталған механизмнің айналасында көлеңкелі бизнеске жол берілді. Бланкілерді сатукомитет қызметкерлері тарапынан емес, біркөлік компаниясының екіншісіне сатуы арқылы жүзеге асады. Алматыда екі рет ашық талқылау өткіздік. Әдетте жылдың басында барлық бланкінің 50 пайызын алатын адамдар тағы алғылары келеді. Әлбетте, бұл дұрыс емес. Сондықтан біз әдістемені өзгерткіміз келеді», — деді көлік ведомствосының басшысы.

Оның айтуынша, бірінші кезекте министрлік басымдық принципін жояды, осылайша бланкілерді тек нақты жүгі бар кез келген адам ала алады. Оған қоса, бланкілерді қайта сатуды болдырмау үшін рұқсат қағаздары жеке атаулармен берілмек.

«Ұзақ уақыт бойы көлеңкелі нарықта жүрген адамдардың қолға алынған бұл шаралармен келіспейтіндіктері түсінікті, әрине. Алайда бастаған жұмысты соңына дейін жеткізуге ниеттіміз. Себебі қай істе болсын тәртіп болуы керек. Бланкілерге шағын, орта және ірі компаниялар тең, яғни барлығы бірдей қолжеткізе алуы керек», — деп атап өтті М.Қарабаев.

Азаматтарды қабылдағаннан кейін министр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жұмысымен танысып, «Алматы – Ұзынағаш» жол учаскесіне барды. Бұдан әрі Көлік министрлігінің басшысы Шамалған станциясын айналып өтетін автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.