• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ДАҚЫЛДАРЫН ЕГУ 60 МЫҢ ГА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

turan_admin turan_admin
19.07.2022, 18:19
Қазақстан жаңалықтары
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ДАҚЫЛДАРЫН ЕГУ 60 МЫҢ ГА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
116
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысының Меркі, Жамбыл, Байзақ және Талас аудандарындағы шаруаларымен кездесті.

Кездесуге қатысқандар АӨК дамыту мәселелерін, күзгі дала жұмыстарының барысын талқылады, сондай-ақ вице-министр қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруалардың проблемалық мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Айта кетейік, Жамбыл облысы – Қазақстандағы қант қызылшасын өсіретін негізгі өңірлердің бірі. Өнімді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттар да осы өңірде орналасқан.

Облыс әкімдігінің деректері бойынша, 2022 жылы қант қызылшасының егіс алаңы 6,1 мың га, ал 2021 жылы егіс алаңы 5,6 мың га құрады. Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылы Жамбыл облысы бойынша өнімділігі 310,9 ц/га-нан 160,3 мың тонна (2020 жылдан 26,8 мың тоннаға артық) қант қызылшасы өндірілді. Қант қызылшасының көпжылдық өндірісінің орташа көлемі шамамен 171,0 мың тоннаны құрады (2017 жылы – 206,1 мың тонна, 2018 жылы – 192,9 мың тонна, 2019 жылы – 162,2 мың тонна, 2020 жылы – 133,5 мың тонна, 2021 жылы – 160,3 мың тонна).

Қант қызылшасы алқаптарының азаюының негізгі себептері:

— өндірістің жоғары шығыны және экономикалық тиімсіздігі (төмен рентабельділік);

1 гектар қант қызылшасын себуге жұмсалатын тікелей шығын орта есеппен 500 мың теңгені құрайды. Жанар-жағар май, пестицидтер, суаратын су тарифтері бағасының айтарлықтай өсуі жұмсалатын жұмыс күшіне қарамастан, қант қызылшасын өсірумен айналысатын аграршылардың сатып алу бағасы төмен болған кезде рентабельділігі төмен болуына алып келді.

— ылғалмен қамтамасыз ету мәселелері;

Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғалмен қамтамасыз ету проблемасы байқалады. Сондай-ақ, шаруаларды техникалық жабдықтау мәселесі бар;

Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған қант зауыттары қатты тозған. Зауыттардың технологиялық жабдықтарын жаңғырту үшін көп инвестиция қажет.

Фермерлердің проблемалары мен ұсыныстарын назарға ала отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын жаңғырту жоспарын пысықтап жатыр.

Жоспарда келесі тармақтар қарастырылған:

— жаңа суармалы жерлерді іске қосу есебінен қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын 60 мың гектарға дейін ұлғайту;

— қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын күшейту.

— қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша қолда бар қуаттарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, қант зауыттарын салу және жаңғырту;

— су үнемдеу технологияларын енгізу;

— тұқым шаруашылығын дамыту;

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана — Алматы және Жамбыл облыстарында жұмыс істейтінін айтқан болатын. Олар тек жүктеменің 31% жауып отыр.  Қазақстан 90% импорттық қантқа  тәуелді.

Бүгінде мемлекет қант саласын жандандыруға қомақты қаржы ресурстарын салып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері аталған шараларды іске асыру бәсекеге қабілеттілік деңгейін едәуір арттыруға және қазақстандық қант өндірушілердің өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді деп пайымдайды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Жетісу облысының шаруаларымен кездесуді жоспарлап отыр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.