• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.11.2026, 14:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚСТАНДА АЛТЫН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

turan_admin turan_admin
19.04.2021, 12:09
Қазақстан жаңалықтары
ҚАЗАҚСТАНДА АЛТЫН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
963
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында уақыт капсуласы салынып, «MONTERRA QASAQSTAN» ЖШС жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды.

Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Сыртқы істер министірінің орынбасары Алмас Айдаров, ермания Федеративті Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер, Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Ховсеп Восканян, MONTERRA GROUP AG Басқарма Төрағасы Кристиан Граф фон Штрахвитц, MONTERRA QASAQSTAN  бас директоры Меруерт Данбаева қатысты. Бұдан соң қатысушы қонақтар ағаш көшеттерін отырғызды.

Шара барысында «ТМК құрылысы және КМП алтын кен орындарын игеру» жобасы таныстырылды.

Тау-кен металлургия комбинатын салу – сабақтас салаларды дамытуға, жалпы өнімнің өсуіне және Жамбыл облысы тұрғындарының жұмыспен қамтылуына айрықша әсер береді. Компания аймақтың әлеуметтік өміріне де белсенді атсалысуда десек, соңғы екі жылда 103,5 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген. Компания қазірдің өзінде жобаға шамамен 6 миллиард теңге инвестиция құйған, бұл ретте бюджетке салықтық түсімдер ағымдағы жылдың аяғында 1 миллиард теңгеден асады деп күтілуде, — деп атап өтті Меруерт Данбаева.

Салтанатты шарада сөз алған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жоба Жамбыл облысының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өсіміне ықпал ететіндігін атап өтті.

— Жоба өңірде 2800-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді десек, ол бойыша негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылмақ. Бұл Қордай ауданының ғана емес, жалпы облыстың дамуына да серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, жас мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі, — деді аймақ басшысы.

— Біздің компанияның жұмысы тұрақты әрі  Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың сенімді көпірі болып табылады. Біздің жобамыздың сәтті жүзеге асуы Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды тағы бір айғақтай түсері сөзсіз, — деді MONTERRA GROUP AG Басқарма Төрағасы Кристиан Граф фон Штрахвитц.

— Егер бұған дейін Қордай ауданы негізінен ауыл шаруашылығы шалқыған аймақ атанса, қазір аудан индустрияландырудың жаңа кезеңін кешуде. Тау-кен металлургия комбинаты экология мен сапаның жоғары стандарттарына сай болады. Ең маңыздысы, бұл кешен елімізде инженерлер мен металлургтердің жаңа буынының қалыптасуына ықпал етеді. Бізге жаңа құзыреттіліктерді меңгерген жастарды тәрбиелеп өсіру қажет, — деді Бейбіт Атамқұлов.

Жалпы құны 832 миллиард теңгені құрайтын жоба үш кезеңде жүзеге асырылмақ. Қуаттылығы жылына Доре қорытпасында 10 тоннаға дейін алтын өндіруге жетпек.

Айта кету керек, компания геологиялық барлау жұмыстарына белсенді инвестиция салуда. Шикізат көзі –Қаратас-Майбұлақ аумағы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzалтынЖамбылкәсіпорын
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44

Әлеуметтік қызмет тәжірибесі және отбасына қолдау көрсету мәселелері

15.11.2026, 15:51

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.