Қазақстанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында нәресте өлімі 7 пайызға дерлік өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
— Нәрестелер өлімі әлі де жоғары. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,5%-ға өсті, – деді Ғиният үкімет отырысында.
Оның айтуынша, нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкентте – тірі туылған 1 мың балаға шаққанда 13,58 өлім, сонымен қатар Қостанай облысында – тірі туылған 1 мың балаға шаққанда 12,58 өлім.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/qazaqstanda-2022-zhyly-naereste-oelimi-7-pajyzgha-oesti/