2025 жылдың 6–14 сәуірі аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен U15 Бүкіләлемдік гимназиадасында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Байзақ ауданы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы — Елімбай Нұртас жеңіс тұғырынан көрінді.
Спортшымызды шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!
Жаңа белестер мен толайым табыстар тілейміз!
Жаттықтырушысы: Наметов Рауан







