• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан «Нұр-Сұлтан саябағы Challenge» онлайн мини-марафон өтіп жатыр

turan_admin turan_admin
06.09.2020, 15:05
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан «Нұр-Сұлтан саябағы Challenge» онлайн мини-марафон өтіп  жатыр
245
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда «Нұр-Сұлтан саябағы Challenge» атты бұқаралық жүгіру шарасы басталды. Бұл мини-марафонның ерекшелігі – оған кез
келген нүктеден қалаған уақытыңда қатыса аласың.
Екі күнге созылатын мини-марафонның қашықтығы 5 шақырымды
құрайды. Ал астаналықтар үшін шара елорданың Орталық саябағында өтіп
жатыр. Дегенмен, бұл жарысқа тек осы жерден қатысу қажет деген нәрсе
емес. Кез келген нүктеден қалаған уақытыңда қатыса аласың. Барлық
нәтижелер онлайн түрде тіркеліп отырады. Яғни, қай қалада, қай елде
болмасын, аталмыш шараға кез келген адамның үлес қосуына мүмкіндігі бар.
«Бүгінде пандемияға байланысты бүкіл әлем көптеген шектеулерге
мойынсұнуға мәжбүр. Осы орайда жаттығулар, спортпен айналысу, соның
ішінде жүгіру жаңа форматқа бейімделе бастады. Мәселен, «Нұр-Сұлтан
саябағы Challenge» да онлайн форматқа көшіп, бірден көпішіліктің
қолдауына ие болды. Бұл шара қандай жағдайда болмасын, спортпен
шұғылдануды доғармайтын, ешқандай қиындықтарға мойымайтын жандарға
және марафондағы алғашқы қадамын енді бастаған спортшыларға
арналады», — деді жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айман Ратова.
Бұл бірегей, заманауи мини-марафон Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Таяудағы он
жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами
қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын
болуымыз керек» деген сөзінің жарқын көрінісі де бола алады. Осы орайда
бұл жарыс пандемия жағдайында қатысушыларға карантиннің барлық сақтық
шараларын ұстана отырып, салауатты өмір салтымен айналысуға мүмкіндік
беріп отыр.
«Бүгінде әлемнің көптеген елінде осындай онлайн жүгіру шаралары
өтіп жатыр. Шынын айтсам, қатысушылардың көп болғанына қарап, өзім де
аздап таңырқап тұрмын. Бір жағынан пандемия кезінде халық арасында
салауатты өмір салтын жүгіру арқылы ұстану жақсы трендке айналды. Өзім

де осы шараның бір мүшесі болғаныма қуанамын. Алдағы уақытта мұндай
онлайн марафондар үлкен сұранысқа ие болады деп ойлаймын», — деді Жеңіл
атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт
шебері Ольга Сафронова.
«Нұр-Сұлтан саябағы Challenge» 5 қыркүйекте басталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін еліміздің әр түкпірінен
мыңнан астам адам тіркелген. Алайда тіркелу әлі жалғасып жатыр. Қатысып
үлгермегенде 6 қыркүйек күні жүгіре алады. Ол үшін
https://s10.run/tilda/85144/13370564 сілтемесі арқылы өтіп, «ҚАЗІР ТІРКЕЛУ»
(зарегистрироваться сейчас) деген батырманы басу қажет. Ескере кетер жайт,
тіркелу барысында мини-марафонның шарттарымен мұқият танысып
алғаныңыз абзал.
Жүгіру шарасына қатысу ТЕГІН. Жеңімпаздарды сыйлықтар мен
арнайы дипломдар күтеді. Толық ақпарат алу үшін s10.run сайтына өтіңіз
немесе https://www.instagram.com/astanapark/ парақшасын шолып шығыңыз.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.