• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей жаңа әуе рейстері ашылады – ҚР ИИДМ

turan_admin turan_admin
27.09.2022, 09:04
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей жаңа әуе рейстері ашылады – ҚР ИИДМ
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан бин Мухаммад Аль-Рабиа бастаған Сауд Арабиясының делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру және ұшу географиясын кеңейту тұрғысында келіссөздер жүргізді.

Министр Қайырбек Өскенбаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы авиация саласындағы ынтымақтастық артып келе жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, қазіргі күнде Үкіметаралық келісім негізінде аталған мемлекеттердің авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қажылық парызын орындаушылар үшін тікелей чартерлік рейстер орындалуда.

«2015 жылдан бастап отандық «SCAT» және саударабиялық «Fly Nas» авиакомпаниялары қажылық сапарға аттанғандар үшін тікелей әуе тасымалын орындауда. Өткен жылы Сауд Арабия тарапы қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар үшін 4 мың квота бөлді. Бес парыздың бірін орындаушыларды тасымалдау кезінде Медина және Джиддаға Астана, Алматы, Шымкент және Ақтаудан 19 рейс ұйымдастырылды», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінде «SCAT» авиакомпаниясы жылдың барлық мерзімінде жиілігі аптасына 1-2 рет Алматы және Шымкенттен Медина, Джидда бағытында тұрақты чартерлік әуе тасымалын орындауда. Сонымен қатар 2022-2023 жылдардағы күзгі және қысқы навигациялық маусымда бірқатар отандық әуе компаниялары тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Air Astana» Алматы – Медина бағытында, «Fly Arystan» Ақтау – Медина бағыттарында аптасына жиілігі 2 реттен тұрақты рейстер орындамақ.

Қазақстан тарапы Сауд Аравиясының азаматтық авиация билігі басшыларымен келіссөздер жүргізуде. Осыған орай биылғы 29 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін ICAO-ға қарасты Азаматтық авиация ұйымы Халықаралық Ассамблеясының 41-сессиясы аясында екі мемлекет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Оның шеңберінде авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 4-тен 8-ге дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылмақ.

Өз кезегінде Тауфик Фаузан Аль-Рабиа министрге жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдіріп, елдер арасындағы тікелей рейстердің ашылуы өзара қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ ол әуе тасымалын орындауға саударабиялық авиакомпаниялар да мүдделі екендігін жеткізді.

«Сіздің бастамаңызбен ұсынылған мемлекеттер арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша екі елдің әуе билігі өкілдерінің келіссөздері жемісті нәтижесін беруде. Жақын арада тікелей әуе қатынастары қайта жанданатын болады», – деді Сауд Арабиясының  Қажылық және умра министрі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.