• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Грузияның өзара сауда мен жүк тасымалын кеңейту үшін барлық мүмкіндіктері бар – Әлихан Смайылов

turan_admin turan_admin
27.07.2022, 16:35
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Грузияның өзара сауда мен жүк тасымалын кеңейту үшін барлық мүмкіндіктері бар – Әлихан Смайылов
110
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өзара инвестициялар мен бизнес-байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік әлеуетін дамыту, жаңа әуе рейстерін ашу, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тауар айналымының рекордтық көрсеткіштерге жеткенін атап өтті. Тауар айналымы $31,7 млн-нан $147,7 млн-ға дейін өсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстарғанда 4,7 есе көп.

«Оң динамиканы сақтау үшін бізде барлық мүмкіндіктер мен құралдар бар. Бүгін қол қойылған Өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы екі ел арасындағы саудаға қосымша серпін беретініне сенімдімін», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Өз кезегінде Ираклий Гарибашвили Қазақстан мен Грузияның азық-түлік қауіпсіздігі мен жүк тасымалдауды қоса алғанда, көптеген салада ынтымақтастықты кеңейту бойынша әлеуеті зор екенін атап өтті.

«Екі ел арасында сауда, инвестициялық және бизнес-ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бірлескен жобалар аясында табысты кооперацияның көптеген мысалдары бар. Сонымен бірге біз екі ел экономикасын дамыту үшін одан да көп жұмыс жасай аламыз. Сондықтан жаңа мүмкіндіктер мен өзара тиімді бағыттарды қарастыру қажет», — деді Ираклий Гарибашвили.

Кездесуде тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелерін де талқылады.

Оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін теміржол учаскелері мен теңіз порттарындағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау, сондай-ақ қолданыстағы тарифтерді қайта қарау қажеттігі атап өтілді.

«Бұл жоба екі ел үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, өңірдің көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі барлық бастамаларды қолдайды. Жалпы ТХКБ әлеуетін арттыру үшін басқа қатысушылармен бірге «тар» тұстарын синхронды жою және оның әлеуетін дамыту бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірлеуді ұсынамыз», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі екі ел арасындағы туристік әлеуетті, оның ішінде эко- және этно-туризм тұрғысынан дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Грузияға 34 тікелей әуе рейсін жүзеге асырады. Бұл орайда Қазақстанның 12 әуежайында шетелдік әуе компаниялары үшін ашық аспан режимі енгізілді. Оның аясында рейстер саны бойынша барлық шектеуді алып тастау көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды: Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы, Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен Грузияның Технологиялар және инновациялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузия темір жолы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.