• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 01:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Fortescue компаниясымен «Жасыл» сутегі өндіру жобаларын іске асыру туралы келісімге қол қойды

turan_admin turan_admin
08.11.2022, 17:36
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Fortescue компаниясымен «Жасыл» сутегі өндіру жобаларын іске асыру туралы келісімге қол қойды
85
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Қазақстан Үкіметі мен Fortescue Future Industries компаниясы еліміздің бірнеше өңірінде, соның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарында «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы Негіздемелік келісім жасасты. 

Құжатқа Мысырда өтіп жатқан Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлемдік көшбасшылар саммиті аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Fortescue компаниясының басшысы Эндрю Форрест қол қойды.

Келісімді іске асыру еліміздің 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға азайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету бойынша биік мақсаттарға қол жеткізуіне үлес қосады деп күтілуде. Алдағы жобалар кеше Қазақстан мен Еуроодақ арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында еуропалық нарыққа жеткізу жоспарланып отырған «жасыл» сутегінің ауқымды көлемін өндіруге арналған.

Жалпы алғанда, «таза» сутегін өндірудің қолжетімді технологияларын енгізу Қазақстанға 5-7 жылдан кейін осы отынның әлемдік ірі жеткізушілерінің біріне айналуына мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов «жасыл» сутегін өндіру жобасы өңірдегі осындай ірі жобалардың бірі екенін атап өтті.

«Баламалы энергия көздерін дамыту шеңберінде «жасыл» сутегін өндіру біз үшін маңызды және басым бағыттардың бірі болып табылады. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан осы экологиялық таза отын түрінің 10 ірі экспорттаушысының қатарына кіре алады. Осы мақсатқа жету үшін бізге стратегиялық серіктестеріміздің қолдауы маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Ол ҚР Үкіметі «жасыл» энергетика секторындағы жеке компаниялардың үлесін арттыру үшін инвестициялар тарту жүйесін қайта қарағанын атап өтті.

«Біздің декарбонизацияны ынталандыру тәсіліміз нарықтық тетіктер мен жеке инвестицияларды барынша пайдалануға негізделетін болады», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Эндрю Форрест «жасыл» сутегін өндіру және қолдану ауыр өнеркәсіпті декарбонизациялауға, жұмыс орындарын құруға және жалпы энергетика саласының тұрақтылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

«Біз осы әлеуетті тезірек іске асыруға көмектесу үшін жұмыс тәсілдеріміз бен мүмкіндіктерімізді Қазақстанмен қуана бөлісеміз», — деді Эндрю Форрест.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Азамат үні — ел дамуының негізі

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00
57 секундта нокаут: қазақстандық курсант әлемдік ТОП-10-ға енді

57 секундта нокаут: қазақстандық курсант әлемдік ТОП-10-ға енді

09.10.2026, 11:43
Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады

Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады

09.10.2026, 11:19
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізуді тапсырды

08.10.2026, 13:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.