• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 12:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан экономикасы 4,4 пайызға өсті

turan_admin turan_admin
13.05.2022, 11:49
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан экономикасы 4,4 пайызға өсті
225
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Аталған мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектор өсімі жеделдеп (5,1%-ға), экспорт көлемі үдемелі ұлғайып, қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.

Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндірісі өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетіп отыр.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ды құрады.

«Биылғы қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 45%-ға өсіп, $28,7 млрд құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 66%-ға өсіп, $19,1 млрд-қа дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 32,4%-ға артып, $5,3 млрд-қа жетті. Тауарлар импорты $9,5 млрд құрады», — деп мәлімдеді Ә. Қуантыров.

Ұлттық банк басшысы Ғ. Пірматовтың хабарлауынша, Қазақстандағы инфляция биылғы наурыздағы 12%-дан сәуірде 13,2%-ға дейін жеделдеді.

Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жетті. Сыртқы инфляциялық жағдай 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасына өсім тұрғысынан қысым көрсетуін жалғастыруда. Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-дан 8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарық қызметтері бағасының өсуіне байланысты болды.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Е. Жамаубаев мемлекеттік бюджетке 5 трлн 93 млрд теңге сомасында кіріс түскенін немесе жоспардың 108,6%-ға орындалғанын, республикалық бюджетке 3,4 трлн теңгеге жуық қаражат түскенін немесе жоспардың 101,1%-ға орындалғанын мәлімдеді.

Баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов еліміздің ЖІӨ өсімі экономиканың нақты секторының қарқынды дамуының нәтижесінде қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Жоғары динамика былғары өнімдері өндірісінде 23%, сусындар өндірісінде 19%, пластмасса бұйымдары мен киім-кешек өндірісінде 14%, жиһаз өндірісінде 13,5%, машина жасауда 9,5%, химия өнеркәсібінде 8,5%, фармацевтикада 6,5% байқалады.

Тау-кен өнеркәсібінде өсім негізінен табиғи газ, мұнай, металл кені және көмір өндірісіне тиесілі. Қызмет көрсету секторында сауда 9,6%-ға, көлік 8,4%-ға және байланыс 7,1%-ға өсті. Құрылыс саласы жыл басынан бері 9,5% тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазірдің өзінде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Ақмола, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент пен елордада барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді. Әлихан Смайылов қалған өңірлер жоспардағы көрсеткішке қол жеткізу үшін жұмысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

«Санкциялық шектеулер аясында сыртқы келеңсіз әсерлерді азайту және ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру қажет», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы жылдық инфляцияны жеделдетуге әсер етіп отырған азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша дүние жүзінде азық-түлік бағалары соңғы 12 айда 36%-ға өсті. Әлемде, әсіресе, қант, ет және сүт өнімдерінің бағасы өсіп барады. Бұл өз кезегінде біздің нарыққа да тікелей әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Үкімет инфляцияны тежеу бойынша тиісті шараларды қабылдауда. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысты тиімді қамтамасыз етіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы керек», — деді Ә. Смайылов.

Өткен жылдың осындай кезеңінде Қазақстанның ЖІӨ өсу қарқыны 0,7 пайызды құрағанын атап өткен жөн.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00
Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23
Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

10.09.2026, 18:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.