• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан ДДҰ-мен барлық бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайын – Әлихан Смайылов

turan_admin turan_admin
22.09.2022, 12:31
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан ДДҰ-мен барлық бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайын – Әлихан Смайылов
330
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін және Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық бастамаларын талқылады. 

Тараптар Үкіметтің (Қазақстан) медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қамтуды кеңейту жөніндегі шараларды, коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын тіркеу және экспорттау, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, олардың мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуын нығайту, сондай-ақ ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясын 2023 жылы Астанада өткізу мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр Қазақстан ДДҰ-ның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөніндегі жұмысын толық қолдайтынын, сондай-ақ Ұйымның коронавирус пандемиясын тиімді еңсеруге қосқан үлесін бағалайтынын атап өтті.

«Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға және барлық басым бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, алдағы жылдары Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде ауылдық жерлерде жаңартуды, бейінді білімді нығайтуды және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды кеңейтуді жалғастырады.

Өз кезегінде Ханс Клюге ДДҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту және  сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі басымдықтарын қолдайтынын атап өтті.

«Біздің ойымызша, денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелерін қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі шаралар дұрыс. Бұл — ілгері жасалған үлкен қадам. Аталмыш тәжірибе Қазақстанға осы саланы одан әрі дамыту үшін пайдалы болады деп үміттенеміз», — деді Ханс Клюге.

Анықтама: ДДҰ – қоғамдық денсаулық саласындағы халықаралық жұмысты үйлестіретін БҰҰ жүйесінің мамандандырылған агенттігі. Ұйым жаһандық денсаулық сақтау проблемаларын шешуде, нормалар мен стандарттарды әзірлеуде, елдерді техникалық қолдауды қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.