• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 03:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты

turan_admin turan_admin
28.12.2021, 20:36
Қазақстан жаңалықтары
«Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты

????????????????????????????????????

309
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін, 28 желтоқсанда – Халықаралық кино күнінде – «Қазақфильм» киностудиясының аумағында Қазақ киносының көрнекті қайраткерлерінің есімі берілген Жұлдыздар аллеясында он үш мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болды. 

Салтанатты шараны ұлттық кино өнерінің мэтрлері – Асанәлі Әшімов пен Олжас Сүлейменов ашып, Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Келесі сөз тізгінін алған киностудия президенті Ақан Сатаев бұл шараның Алматы кинохроника студиясының 80 жылдығы мен Халықаралық кино күніне орайластырылғанын атап өтті.  

— Өкінішке орай, қазақ киносының негізін қалаушылардың біразы қазір жанымызда жоқ. Біз олардың есімін құрметтеп, болашақ ұрпаққа дәріптеуіміз керек. Барша жиналғандарды шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға зор денсаулық тілеймін, – деген Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов барша киногерлерді бірлікке шақырды. 

Жұлдыздардың ашылу салтанаты Қазақстанның ұлттық мәдениетіне, әсіресе, сіңірген еңбегі кино өнерінің тарихында ойып тұрып орын алатын Олжас Сүлейменовтен басталды. Жазушының шығармашылық өмірбаянында «Қазақфильм» киностудиясының редакция алқасының бас редакторы, 80-жылдардың басында Олжас Омарханұлы Қазақ КСР Мемлекеттік киносының төрағасы қызметін атқарды. Қазақ киносы классиктерінің алтын қорына енген аты аңызға айналған Шәкен Аймановтың «Атамекен» фильмі Олжас Сүлейменовтің сценарийі бойынша түсірілді. Сондай-ақ Олжас Сүлейменовтің қолдауының арқасында бүкіл кино әлеміне «Қазақтың жаңа толқынын» сыйлады. 

????????????????????????????????????

Сондай-ақ, қазақтың тұңғыш дыбыс режиссерлерінің бірі Қадыр Қосай мен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева да өз жұлдызын ашты. Айта кетсек, естелік-жұлдыз 2017 жылы өмірден озған актер, Қазақстанның халық артисі Құман Тастанбековке де берілді. Оның жұлдызын Асанәлі Әшімов ашты.

Сонымен қатар, биыл жазда мезгілсіз өмірден озған режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың есімі жұлдыздар аллеясында өз орнын тапты. Оның шығармалары Қазақстанның даңқын дүние жүзіне асқақтатты, тарихтың қатпарларын ашты, өткен арқылы болашаққа қарауға шақырды. Сатыбалды Нарымбетов Тәуелсіздік таңы атар шақта алғашқылардың бірі болып Францияның кино өнері академиясының лауреаты атанды, Жорж және Рита Садуль атындағы беделді сыйлықды алды. Жұлдызды ашқан «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Нарымбетовтың ұлдарына жақында Францияда өткен Қазақстан киносының фестивалі аясында режиссерге қайтыс болғаннан кейін берілген ұлттық кинематографияның дамуына қосқан үлесі үшін сыйлықты табыс етті. 

????????????????????????????????????

Жұлдыздар аллеясында, оператор және режиссер, сценарист Игорь Вовнянко, актерлер — Меңтай Өтепбергенов, Жамбыл Құдайбергенов және Фархат Әбдірайымов, оператор және режиссер Вячеслав Белялов, бас инженер-сәулетші Юрий Бреус, кинооператор және режиссер, Ұлы Отан соғысының ардагері Марк Беркович, сондай-ақ советтік Қазақстанның алғашқы хроникасын түсірген Қазақстанның алғашқы кинооператорларының бірі Ескендір Тынышпаев сынды еңбегі сіңген қайраткерлердің есімі берілді.

Естеріңізге сала кетсек аталған Жұлдыздар аллеясы 2011 жылы 7-ші Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде ашылған болатын. Бүгінгі күні бұл аллеяда барлығы 46 киногердің есімі бар жұлдыздар орнатылған.  

Тегтер: КАЗАХФИЛЬМ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21
Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.