ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Білім мен ғылым ғасырында басты тірек жастар болып табылады. Ендеше, өркениетке бет алған біздің еліміздің болашағы кәсіптік білім беру саласымен тығыз байланысты.
Еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі бағыттардың бірі — кәсіптік білім беруді дамыту. Осындай жауапты міндеттерді жан-жүрегімен ұғынып, жаңа дамыған заманның ауыр жүгін бірлесіп, жұмыла көтерген ізгілік ұясы – «№7 Бетқайнар колледжі» МКҚК. Бірлігі мен тірлігі жарасқан бұл ұжымда 49 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері бір кісідей еңбек етеді.
Заман талабына сай жан-жақты болуды міндет санайтын білім ордасының биылғы жылғы жеткен жетістіктері жетерлік. Мәселен, 2021 жылы 18 ақпанда «Үздік бейне сабақ» облыстық сырттай байқауына өндірістік оқыту шебері Жошиева А.Б. қатысып, ІІІ орын иеленді. Колледж әкімшілігі 26-шы ақпанда «Табысты менеджмент» облыстық сырттай байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Ал 22-ші ақпанда өндірістік оқыту шеберлері «Профи» техникалық мамандықтар бойынша І халықаралық олимпиадаға қатысып, «Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Чоембаев А.А., Солопов С.В. ІІ орынға, ал «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының өндірістік шеберлері Джексембиева Г.Ж., Кеженбаева Л.И., Жошиева А.Б., Джумашева Н.А., Лосыева А.С., Юху Д.И., Арли З.А., Чонбаева З.Ш. ІІІ орынға ие болды. 2021 жылдың 12-ші наурызында «НЕО-ФОЛЬКЛОР» стилінде сән дизайнерлерінің І ші ұлттық байқауына студенттер дайындағаны үшін Жошиева А.Б. сертификатпен марапатталды. 2021 жылдың 7-ші сәуір күні колледж әкімшілігі «Озық әдістемелік қызмет» облыстық байқауына қатысып, алғыс хат алды. Колледж психологы Коштаева Б.Т. 31-ші мамырда «Білім беру процесін психологиялық қамтамасыз ету» облыстық сырттай байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 23-ші тамызда №7 Бетқайнар колледжі «Талап» КЕАҚ «2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша колледждер арасында өткен рейтинг» те І орынға ие болды.
Ал жаңа 2021-2022 оқу жылының басында яғни 23-25 қыркүйек айында «World Skills» облыстық чемпионатына студенттер дайындағаны үшін Джумашева Н.А., Мустафин А.Т. алғыс хат алды.
Колледжімізде студенттеріміздің жетістіктері де жетерлік. Атап айтсақ, наурыз айында «НЕО-ФОЛЬКЛОР» стилінде сән дизайнерлерінің І ші ұлттық байқауында Миндурова Ясмина «Шығармашылық эскиз» номинациясын жеңіп алды. Мамыр айында студенттеріміз «PROGRESS» Республикалық білім беру орталығы, пәндік олимпиадасына информатика және қазақ тілі пәндерінен қатысып І дәрежелі диплом алды. Сәуір айында ауданда өткен «Үздік баяндамашы» номинациясы бойынша Дипломға Аллиярова Эльенора ие болды. Мамыр айында Аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауында Қаржау Нұрсұлтан ІІ орын иеленді. Маусым айында Аллиярова Элеонора «Әлемді өзгерт» облыстық үздік жобалар байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом алды. Ал қыркүйек айында «World Skills» облыстық чемпионатына тігінші мамандығы бойынша Мусарова Амина қатысып ІІ орынды жеңіп алды. Қазан айында «Студенттер лигасында» үстел теннис спорт түрінен Миненко Вячеслав қатысып, ІІІ орын алды.
Үкімет биыл барлық оқу орындарын ішкі дәретханамен қамтуды тапсырған болатын. Сол себепті , жергілікті бюджеттен 1455 мың қаржы бөлініп, жаз айларында оқу корпусында ішкі дәретхана құрылысы салынып қолданысқа берілді..
«Жас маман» бағдарламасы бойынша жалпы 355 172 мың теңгеге техникалар алынды. Оның ішінде Виртуалды дәнекерлеу симуляторы TKR Welding , «Виртуалды шындық көзілдіріктеріне негізгі трактор қондырғыларын жинайтын» тренажері, BOZKURT Дән сепкіш тракторы, John Deere Комбайны, Deutz Fahr 6130 W-Тракторы, 3 СХ ЕСО Эксковаторы, « MP-1» жүнге арналған қырғыш машинасы, «БЧВМ1-м»таратқыш машинасы, «ВМ-200» киіз басатын машинасы, «АСО-200» жүнді арамшөптерден алдын ала тазалау қондырғысы, жүнге арналған шағын жуғыш, «ВМ-200» үшін жұмыс үстелі, жүнді жуғаннан кейін сығуға арналған айналдыру біліктері, өнеркәсіптік кесте тігу машинасы, «HFJ-26F-02 » компьютерленген көрпе тігу машинасы, тоқыма және пластмассаға арналған лазерлік кесу және гравюра машинасы, Жүк көлігі, реверсивті бұрандалы соқа 4+1 корпус, әртүрлі операцияларға арналған негізгі әмбебап тігін машинасы, әртүрлі саңылау қалталарды жасауға арналған машина, Тыңайтқыш шашу машинасы, Трактор мен комбайнды жүргізуге арналған тренажер, PRONAR T 653 тіркегіш бар.
2021 жылдың 5 қарашасында Облыстық Арай газетінің №89 санында «Бетқайнардың лимон бағы» атты мақала жарияланды.
Қараша айында Тараз қаласында өткен Қордай күніне орай жәрмеңкеге колледжіміздің жылыжайында өсірілген 30 кг лимон сатуға шығарылды.
«Адам баласы үнемі ізденіс үстінде жалықпай әрекет еткенде мақсатына жетеді, өмір үнемі күрес, бірлесіп тіршілік етуден тұрады» деген ұғымды ұстанып жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде игі істермен көпшілік құрметіне бөленген педагогикалық ұжымның алар асулары алда деп сендіреміз.
«№7 Бетқайнар колледі» КМКК директоры,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі,
Жамбыл облыстық мәслихат депутаты,
Гүлнар Әлімбаева