• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«АУЫЛ–ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

07.08.2021
0
ТЕАТР.ТАНЫМ.МӘДЕНИЕТ
309
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінгі таңда Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасына қарасты мәдениет, архив мекемелерінің саны – 538. Оның 27-сі басқармаға, 511-і Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бағынысты. Олардың қатарында 194 мәдениет үйлері мен клуб мекемелері, 274 кітапхана, 2 облыстық драма театрлары,  облыстық филармония, 2 кинотеатр, 17 музей, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық кино орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, «Руханият және тарихтану орталығы», 12 архив мекемелері бар. 2021 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 7,5 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде мәдениет басқармасына бөлінген қаржы көлемі – 2,384 млн. теңге.

 

 

 

 

 

2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы және «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 5 нысанның: Қордай ауданы Отар ауылы – 180 орындық, Жамбыл ауылы – 90 орындық, Жамбыл ауданы  Өрнек ауылы – 140 орындық, Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылында 180 орындық  және  Шу ауданы Д.Қонаев ауылы – 180 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 8 мәдениет нысанына: (Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Сарысу ауданы Саудакент ауылы, Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылы, Т. Рысқұлов ауданында 3  (аудандық мәдениет үйі, Құлан ауылдық клубы, Каменка ауылында мәдениет үйі), Шу ауданында 2 нысан) мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген.

Ағымдағы жылы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай Ж.Қуанышбаев атындағы Мойынқұм аудандық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні облыста 194 мәдениет үйлері мен клубтар тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді. Аталған клуб мекемелерінің 162 –  типтік ғимаратта орналасса, 32 клуб бейімделген (ыңғайластырылған) ғимаратта жұмыс атқарып келеді.  Облыс көлемінде 802 клуб құрылымдарына 9283 адам тартылған. «Халықтық» атағы бар ұжымдар саны 55, ал қатысушылар саны — 1690.  Облыстағы клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2021 жылдың 6 айында жергілікті бюджеттен 40 380,0 мың теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.         Облыс көлемінде 274 мемлекеттік кітапхана бар. Олардың қатарында облыстық-3, қалалық-8, аудандарда-263. Облыс кітапханаларының кітап қоры 3 699 234 дананы құрап, оның мемлекеттік тілдегісі 1 953 554-ке жетті. Кітап берілімі  — 2 521 291, ал келушілер саны – 1 275 945.  Бүгінгі  таңда  облыстағы 274 кітапхананың  267-сі интернетке қосылған. Барлық кітапханалар 100% компьютермен қамтылып, автоматтандыру бағытында РАБИС, АИС-СБРК, АБИС, КАБИС бағдарламасының «Каталогтаушы» модулі бойынша  жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 204 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылып, халыққа ақпараттық қызмет көрсетуде.  Ағымдағы жылы кітапхана саласындағы жетістіктердің бірі — республикалық «Рухани қазына — 2021» фестивалінде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкері Ербол Бегимов «үздік кітапхана қызметкері» атанса, Ш.Уәлиханов әмбебап ғылыми кітапханасы «Ж.Жабаев — 175» арнайы номинациясымен марапатталған.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: архивжобаҚұжатмәдениет

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты