Мұздың қалыңдығының тұрақсыздығы мен ауа райының құбылмалылығына байланысты мамандар балықшыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Рейд барысында құтқарушылар балықшылармен әңгімелесіп, қысқы балық аулау ережелерін, қауіпті аумақтарды, мұздың қауіпсіз қалыңдығын, өз-өзіне көмек көрсету тәсілдерін және төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керектігін түсіндіреді. Олар көзге мықты көрінетін мұздың өзі кей жерінде жұқа әрі қауіпті болуы мүмкін екенін ерекше атап өтеді. Құтқарушылар мұзға жалғыз шықпауға, тек тексерілген және қауіпсіз жерлерді таңдауға, өзімен бірге арқан мен байланыс құралдарын алып жүруге кеңес береді.
Сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішу мұз жарылып, суға түсіп кету қаупін арттыратыны ескеріледі. ТЖД мамандары тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қауіпті жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Жамбыл облыстық ТЖД







