• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Атлах-Талас шайқасы болған жер

19.03.2021
1
Атлах-Талас шайқасы болған жер

DCIM100MEDIADJI_0012.JPG

3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мәдениет пен өнердің сан алуан түрі тоғысқан Орта Азия аймағы ертеден — ақ Шығыс пен Батыс елдерінің назарында болып келген мекен. Ортағасырлардың өзінде еліміздің шығысынан қытайлар жаулауды бастаса, батыста Араб империясының көз құртына айналған еді. Себебі шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы мен табиғи байлықтар, сәулетті қалалар мен мал-жанға жайлы жерлерді иелену кімді де болса қызықтырмай қоймайды. 

Шайқас қарсаңында яғни 749 ж. араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсуді көздеп, 751 ж. араб әскері Шу-Талас аңғарында жатқан Атлах, Тараз қалаларының іргесіне ат басын тірейді. 

Ортағасырларда Қытай мемлекетінде ішкі таластар пайда болып Хан әулеті Ұлы Қытай қорғанының батыс сыртына қарай бөлініп шығады. VІІ-VІII ғғ. Орталық Азияның тарихында түркі тайпалары өзара қақтығысын сәтті пайдаланған Таң империясы Түргеш қағанатының иелігіндегі аймақтарды басып алады. 

Арабтар Орта Азияға жорықтары барысында Қытайлықтармен шиелініске тап болады. Нәтижесінде 751 ж. қазіргі Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аумағындағы Талас өзенінің аңғарында ірі шайқастардың бірі болған. Қытай әскерінен теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болып, жеңіп шығады

Аталмыш соғыс тарихта Атлах шайқасы деген атпен қалады. Бұл соғыс жайлы әл — Магдиси өз еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» — деп жазады. Қытайдан теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болды.

Жалпы Атлах, Талас шайқасының тарихи маңызы зор. Себебі осы шайқастан соң Таң империясының Орта Азияға бағыттаған шапқыншылық саясатына нүкте қойды. Қытай империяның Шығыс Түркістандағы әскери бекіністері түгелімен жойылды. Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасы өзгеріске ұшырады. Өлкемізде ислам өркениеті жаңа арнада қанат қағып, ғылым мен білімнің  дамуына даңғыл жол ашылды.

Әдебиеттер: 

  1. Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы, 2009, 97б.
  2. Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003, С189-190.
  3. Қазақстан тарихы (IV томдық), Iт. Алматы: Ата-мұра, 1996. 480-482б

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты