• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді.

15.05.2026
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған.

Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы.

Қожа Ахмет Ясауи бауырлас елдердің дүниетанымын кеңейтуге зор үлес қосты. Адамзатқа ортақ құндылықтарды барынша дәріптеді. Халықты жақсылыққа, жасампаздыққа, адалдыққа шақырды.

Ғұлама ойшыл ислам дінін түркі жұртының таным-түсінігімен ұштастыра білді. Аса құнды еңбектер жазып, мол мұра қалдырды.

Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз дәріптеген құндылықтар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз Ясауидің гуманистік идеяларына баса мән беріп отырмыз.

Қазір елімізде «Адал азамат», «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және басқа да бірегей бастамалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

Басты мақсатымыз – ұлт сапасын барынша жетілдіріп, мемлекеттігімізді нығайта түсу. Түптеп келгенде, осы ауқымды жұмыстың негізі Ясауи ілімінен бастау алады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы биыл Ұлыстың ұлы күнінде Түркістанда «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым.

Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде бүгінгі Түркістанның көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналғанын атап өтті.

«Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.

Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту.

Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын ерекше атап өтті.

«Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін.

Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы.

Менің пікірімше, бұл мешітке «Миромон ата» аты берілсе, өте орынды болар еді. Қос халқымыз бұл шешімді қолдайтынына еш күмән жоқ. Себебі осы қасиетті нысан біздің арамыздағы мәңгі достыққа қызмет етеріне сенімдіміз», – деді Президент.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты