• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Асыл арман» ұлттық сананың ұйытқысы

turan_admin turan_admin
15.10.2017, 18:53
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
«Асыл арман» ұлттық сананың ұйытқысы
381
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Асыл арман» ұлттық сананың ұйытқысы

Халқымыздың сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан дәстүрін, рухани қазынасын жаңғыртып жас ұрпақтың санасына сіңдіру мақсатында 2011 жылдың 23 тамызында құрылған «Асыл арман ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі бүгінгі таңда келелі істердің жаршысы болып келеді. Облысымызда қоғам өміріне белсене араласып жүрген Ринат Нұрақбаев мырзаның жетекшілігіндегі ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырма шеңберінде «Ілтипат. Ізет. Махаббат» атты жас ақындар мүшайрасын,«Ұлттық тәрбие – ұлт қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстелдер,«Қазақстандық патриотизм – ел бірлігінің кепілі» тақырыбында сұхбаттар, «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында жастармен кездесу,«Ұлттық спорт – ұлт болашағы» атты ұлттық ойындар жарысын, «Жастардың күші бірлікте!» кең ауқымды акциясын, «Қазақстандық патриотизмді дамытудағы ұлттық құндылықтардың ролі» тақырыбында аймақтық конференция, «Достық шуағы» атты өнер фестивалін, «Ұлтымның ұлы мұрасы – ұлттық құндылықтар» атты жас ақындар мүшәйрасын, «Отанды сүю міндетің, ұлтыңды сүю құрметің» атты қолөнер және сурет көрмесін, «Бабаның асыл мұрасы» атты облыстық дәстүрлі әндер байқауын,«Ұлы істерді ұлықтап» тақырыбында облыстық ғылыми- практикалық конференциясын,«Рухани байлық – жан азығы» жастардың рухани, мәдени демалысын,«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында жастармен кездесуін,«Астана – елімнің жүрегі!» атты мерекелік фестиваль-концертін,«Инабатты қыз — өмір көркі» тақырыбында кездесулерін,«Қазақ тілі – Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі» тақырыбына облыстық ғылыми – практикалық конференция сынды іс-шараларды ұйымдастырып өткізген. Бүгінгі таңда да осындай іс-шараларды жүзеге асыруда.
Сонымен бірге, қоғамдық бірлестік қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып келеді. Атап айтсақ, 2013 жылы Жамбыл облысында «АЙГӨЛЕК» республикалық байқауын, VI облыстық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдардың көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалін, облыстық «Бақытты отбасы» сынды байқауларды ұйымдастыруда белсенділік танытып келеді. Және де Тараз қаласындағы қарттар үйі,балалар үйі, аналар үйі,т.б. әлеуметтік нысандарға арнап қайырымдылық іс-шараларын өткізеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы — білім жүйесі. Орта мектеп — білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Ал, Қазақстанның болашағы қазіргі сапалы білім мен саналы тәрбие алған жастардың қолында екені белгілі.
Ендеше, Ұлы дала ұранын жалғастырар, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырар ұрпақ алдындағы жауапты жүкті тек мектеп мұғаліміне артып қоймай, ұлт болашағын айқындайтын абыройлы істе бірлік танытқанда ғана береке жемісін берері сөзсіз.
Осы орайда, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы мектептерінің 11 сынып бітіруші оқушыларына арналған «Жас талап» интеллектуалдық теле-ойын жобасын жасап, жүзеге асыруда.
Ойын жеңімпаздары бүгінде қалаған мамандықтары бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМу-де 100,75,50% -дық жеңілдіктермен білім алуда.Және де ойын «Қазақстан – Тараз» теле арнасы арқылы көрермендерге жол тартады.
Сондай-ақ, «АСЫЛ АРМАН» қоғамдық бірлестігі ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде келешек ана болар, ұлттың болашағы – қыз баланың тәрбиесіне баса назар аударуды міндеттейтін «Инабат» қыздар клубын құрды.
«АСЫЛ АРМАН» қоғамдық бірлестігі осы жолдан таймай алдағы жылдарға үлкен жоспарлар құрып, ұлттың мүддесі үшін аянбай жұмыс жасай бермек.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.