• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанада «Жібек жолы» халықаралық фестивалі өтеді

turan_admin turan_admin
08.11.2022, 09:08
Қазақстан жаңалықтары, Мәдениет
Астанада «Жібек жолы» халықаралық фестивалі өтеді
132
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

12 қарашада «Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің  ашылу салтанаты өтеді. Қызыл кілемдегі белгілі қонақтар мен журналистер, жарқын шоу-бағдарлама мен М.Төлебаевтың көпшілік ұнататын «Біржан – Сара» операсы үш апталық фестивальді бастап береді, онда Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден артистер жиналады.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 6 желтоқсанға дейін созылады, көрермендердің назарына бүкіл әлемнен жұлдыздардың қатысуымен опера және балет спектакльдерінен «музыкалық керуен» ұсынылады.

– Опера және балеттің ауқымды фестивалі еліміздің мәдени өміріндегі оқиға ғана емес, сондай-ақ ұлы өнерді бағалайтын барша жандар үшін нағыз мереке болмақ. Біз бұл іс-шараға тыңғылықты дайындалдық, бағдарламаны толық ойластыра келе, театрдың шынайы рухын көрсету үшін танымал, жалындаған музыкамен қатар, ғаламат туындыларды да орындауды жөн көрдік. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын да көрсетуге тырыстық, сондықтан спектакльдерге сахна шеберлері де, жас солистер де жұмылдырылды, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Сонымен, фестивальді ұлттық классика игілігі – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы ашады, Біржан партиясын орындауға Мариин театрының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық артисі Ахмед Агади шақырылды. «Астана Операның» дәл осы операмен 2013 алғашқы театр маусымын ашқаны атап өтерлік жайт. Шындығында 10 жыл бұрын сахнада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық артисі Юрий Александровтың қойылымы болған еді, алайда ол кезде де басты партияда теңдессіз тенор, Біржан партиясын үздік орындаушы Ахмед Агади жарқыраған болатын. Қазір әншіге бұл бейнені операның жаңа, атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров пен кеңесші режиссер – Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Михаил Панджавидзенің редакциясында (2018 жыл) ашуға тура келеді, онда қоюшылар операның жаңа оқылуын ұсынды, бұл қазақ классикасының сценография мен жекелеген кейіпкерлердің мінездерін қабылдау таптаурынын бұзады. Дирижер тұғырында – музыкалық редакция авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

15-16 қарашада бағдарламаны Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті жалғастырады. Өнер көрсетудің екінші күні Беларусь Үлкен театрының жұлдыздары Дмитрий Уксусников пен Людмила Хитрова қазақстандық көрерменге өз өнерлерін тарту етеді. Дирижер – Руслан Баймурзин.

19 қарашада Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы орындалады, дирижер тұғырында – әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев. Калаф партиясында сахнаға Ованнес Айвазян (Армения) шығады. Өнер көрсетудің екінші күні – 20 қарашада Турандотты Оксана Крамарева (Украина-Германия) орындайды, Лиу – Либуше Санторисова (Чехия).

23-24 қарашада көрермендерге әлемнің танымал балеттерінің бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» ұсынылады. Бірінші күні шақырылған жұлдыздар – Анна Муромцева (Украина) мен Венгрия опера және балет театрының этуалі Герго Армин Балаши өнер көрсетеді. Дирижер – Джузеппе Акуавива (Италия).

29 қарашада екі бөлімді Балет кеші өтеді: Гала-балет пен В.А.Моцарттың музыкасына И.Килианның «Алты би» бірактілі балеті. Бағдарламаға солистер – Андрей Сорокин, Анастасия Мильяченко (Ресей), Дарья Сузи мен Хавьер Качейро Алеман (Германия) қатысады. Дирижер – Арман Оразғалиев.

2 желтоқсанда опера өнерінің жауһары – П.Чайковскийдің «Евгений Онегині» ұсынылады, дирижер – Алан Бөрібаев. Ленскийдің партиясын Александр Михнюк (Беларусь) орындаса, Ольганың бейнесін Дарья Горожанко (Украина) сомдайды. 3 желтоқсанда Евгений Онегин партиясында – Константин Бржинский (Ресей), Греминді Барсег Туманян (Армения) орындайды.

6 желтоқсанда «Жібек жолы» фестивалінің салтанатты жабылуы өтеді, көпшілікке таңғажайып Гала-концерт ұсынылады, дирижер тұғырында – Джузеппе Акуавива (Италия).

Айта кетейік, «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің басты мақсаты — Қазақстан мен алыс-жақын шет мемлекеттер арасындағы мәдени байланысты нығайту.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.