• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанадағы авиациялық бөлімде Жеңіс күні ауқымды Ашық есік күнімен аталып өтті

Әуе қорғанысы күштерінің 19132 әскери бөлімінде қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілердің отбасыларының қатысуымен өткен Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысты. 

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
09.05.2026, 20:16
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Астанадағы авиациялық бөлімде Жеңіс күні ауқымды Ашық есік күнімен аталып өтті
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халық қаһармандары армия генералы Мұхтар Алтынбаев, авиация генерал-майорлары Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов, Қарулы күштердің ардагерлері авиация генерал-майорлары Жиентай Сандыбаев пен Алсай Жұманов, генерал-майор Қайрат Садықов және басқалар мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болды.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне құрмет ретінде қорғаныс ведомствосының басшысы мен ардагерлер аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды.

— Соғыс жылдарында 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға аттанды. Олардың жартысы майдан даласынан оралмады. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері аға буынның ерлігін лайықты жалғастырып келеді. Армияның миссиясы — еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және қазақстандықтардың бейбіт өмірін қорғау. Біз мұны абыроймен атқаруымыз керек, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Іс-шара қонақтары ұшу және техникалық құрамдардың әскери киім нысандары көрмесімен, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен танысты. Бөлім аумағына қойылған ЕС-145 және Ми-171 тікұшақтары, Ан-72 және С-295 ұшақтары, Т-34 және Т-72 танктері, БМ-13 «Катюша» реактивті жүйесі, БТР-82 бронетранспортері, «Арлан» БКМ және т. б. балалар мен оқушылардың қызығушылығын тудырып, олардың фонында суретке түсті.

Іс-шараға қатысушылар үшін ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Қол күресі, қазақ күресі, бокс, гір тасын көтеру, арқан тарту және белтемірге тартылудан жарыстар өтті. Жарыстан кейін қонақтар сарбаз ботқасынан дәм татты.

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерт бағдарламасында патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер болды. Құрмет қарауыл ротасының қойылымы көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды. Олардың іс-қимылдарындағы үйлесімділік пен саптық дайындықтың жоғары деңгейі таң қалдырды.

Ашық есік күні спорттық жарыстар мен асфальтқа сурет салу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды. Іс-шара ардагерлерге құрмет және Отан қорғаушы ұрпақтарының сабақтастығының символына айналды.

Тегтер: Ашық есік күніӘуе қорғаныс күштеріЖЕҢІС КҮНІ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.