Астанада «Қоғамдық кеңестер: мемлекет пен қоғамның іс-қимыл тетіктері мен қызметтегі практикасы» тақырыбында брифинг өтті. Оған ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысты.
Брифинг барысында қоғамдық кеңестердің жаңартылған құрамының қызметі сөз болды. Мадияр Қожахмет қазіргі уақытта Мемлекет басшысының қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау туралы тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ 2022 жылдың 14 қазанында Астанада өтетін Қоғамдық кеңестердің III Республикалық мәжілісіне дайындық жұмыстары туралы айтты.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам делегат, атап айтқанда, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер институтының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.






